Құрылым — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

    Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілді. Осы Жарлықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды. Комитеттің негізгі миссиясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру болып табылады (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығымен бекітілген Комитет және оның аумақтық бөлімшелері туралы ереже). Комитет алдында екі негізгі міндет анықталды: 1)тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін сала аралық үйлестіруді жүзеге асыру; 2)тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету. Комитеттің өңірлерде 20 аумақтық департаменттері бар, штат саны 50 бірлік (12-ТҚҚК, 38-аумақтық департаменттер).

    mti-kzpp
    ҚР СИМ Сауда комитеті

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті

    «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ ішкі саудада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

    sauda