Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

    Комитет туралы

    «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» мемлекеттік мекемесі реттеуіш, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология саласындағы Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесе Толық жауап: Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, мемлекеттік органдар қабылдауды өткізу кезінде басқа мүдделі органдардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді (Регламенттің 18-тармағы). Жеке қабылдауға арналған өтінішті қарау бойынша жауапты орындаушы Регламентте белгіленген мерзімдерде материалдарды жинауды және талдауды қамтамасыз етеді, өтініш берушіні қабылдау кестесіне енгізу туралы одан әрі шешім шығару үшін мемлекеттік орган басшысының атына анықтамалық ақпаратты (бұдан әрі – анықтамалық ақпарат, Регламенттің 26-тармағы) дайындайды. Өтініш берушінің жеке қабылдауында талқылағысы келетін мәселенің мәні туралы нақты мәліметтердің болмауы мемлекеттік органның басшылығы үшін объективті анықтамалық ақпарат жасауға мүмкіндік бермейді. Өтініштің мәні міндетті талаптарының бірі болып табылады (Әкімшілік рәсімдік-процесуалдық кодектің 63-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы). Мұндай жағдайда , жеке қабылдауды тиісті ұйымдастыру үшін материалдарды жан-жақты, толыққанды жинауды және талдауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган өтініш берушіге өтінішті ары қарай қарау үшін белгілі бір мерзімде ӘРПК-нің белгіленген талаптарына сәйкестендіруді ұсынуы мүмкін. Мысалы: Егер өтініш беруші: «Менің Техникалық реттеу және метрология комитетіне шағымым бар» деп көрсетсе, бірақ мәселенің нақты не екенін нақтыламаса, Мемлекеттік орган өтініштің мәнін анықтай алмайды. Бұл әртүрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін: сәйкестік сертификатын беруден бас тарту, құжаттарды қарау мерзімдерін кешіктіру, лауазымды тұлғалардың дұрыс емес әрекеттері немесе тіркеу кезіндегі техникалық қателер. Мұндай нақтылаусыз тиісті бөлімшелерді тарту, қажетті материалдарды сұрату және Министрлік басшылығы үшін объективті анықтамалық ақпарат дайындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүдделі органдардың қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000214

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап: Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады. Толық жауап: Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл каталогтағы ақпараттың өзектілігін қамтамасыз етеді. Мысал ы: Өндіруші өнімнің қаптамасын өзгертіп, көлемін 0,5 литрден 1 литрге ауыстырды. Осыған байланысты тауар карточкасындағы ақпарат жаңартылуы тиіс. ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі №232-НҚ бұйрығы «Ұлттық тауарлар каталогын жүргізу және тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы»

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап: Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады. Толық жауап: Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бере алады. Тіркеу нәтижесінде тауарға бірегей сәйкестендіру нөмірі беріледі. Бұл тауар туралы ақпаратты біріздендіруге және барлық мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бірдей деректерді пайдалануға мүмкіндік береді. Мысал : Импорттаушы Қазақстанға жаңа брендтегі кофе өнімін әкелді. Тауар Ұлттық тауарлар каталогында жоқ болғандықтан, импорттаушы оны каталогқа тіркеп, бірегей сәйкестендіру нөмірін алады. ҚР Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 31 шілдедегі №232-НҚ бұйрығы «Ұлттық тауарлар каталогын жүргізу және тауарларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2500036544

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын, сондай-ақ «Экспорттаушының жеке кабинеті» сервисін пайдалана алады. Сонымен қатар консультациялық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бизнес өкілдерімен кездесулер, көрмелер мен форумдарға қатысу, сондай-ақ кәсіпорындарға бару барысында жүзеге асырылады. Толық жауап: Қолданыстағы қолдау құралдары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Агенттік кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасаудың түрлі арналарын пайдаланады. Қазақстанның Экспорттық порталы арқылы кәсіпкерлер экспортты қолдау шаралары, оларды алу шарттары мен мерзімдері, сондай-ақ экспорттаушылар үшін пайдалы өзге де ақпаратпен таныса алады. «QazTrade» АҚ-ның Export Telegram-арнасы арқылы экспорттаушыларға қатысуға болатын маңызды іс-шаралар туралы хабарламалар, сондай-ақ іскерлік ұсыныстар, қызметтер, шақырулар және экспорттаушылар үшін қызығушылық тудыратын өзге де ақпарат жарияланады. Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның көмегімен кәсіпкерлер қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары, оларды алу шарттары және өтінім беру тәртібі бойынша консультациялар ала алады. Өтінімдерді беру процесінің ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Экспорттаушының жеке кабинеті» сервисі іске қосылған. Бұл сервис онлайн режимде Агенттіктен кеңес алуға, қолдау шараларын алу үшін өтінім беруге және оның қаралу мәртебесін қадағалауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, Агенттік қызметкерлері тұрақты негізде бизнес өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, халықаралық және өңірлік көрмелерге, форумдарға, өңірлік экспорт кеңестерінің отырыстарына қатысады, тауар өндірушілермен, жергілікті атқарушы органдармен және екінші деңгейлі банктермен кездесулер ұйымдастырады. Сондай-ақ экспорттық қызметті дамыту және Агенттік құралдарын пайдалану мәселелері бойынша кәсіпорындарға барып консультациялық қолдау көрсетеді. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы тауар өндірушілердің экспортты қолдау құралдары туралы ақпаратқа кеңінен қол жеткізуін қамтамасыз етіп, әлеуетті және қолданыстағы экспорттаушылармен жеде л өзара іс-қимыл жасауға қолайлы жағдай қалыптастырады. Закон РК «О регулировании торговой деятельности» Официальный сайт АО «QazTrade» Экспортный портал РК

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап: Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарға шығу әлеуеті бар кәсіпорындарға, сондай-ақ жоғары қосылған құны мен технологиялық деңгейі жоғары өнім өндірушілерге беріледі. Қолдау шаралары отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған. Толық жауап: Экспортты ілгерілету бойынша қолдау шараларын көрсету кезіндегі негізгі қағидаттардың бірі – кәсіпорынның экспортта табысқа жету әлеуетінің болуы. Яғни компания өз өнімін экспорттауға мүдделі болуы, қажетті өндірістік мүмкіндіктерге ие болуы, оның ішінде жабдықталған өндірістік алаңы, білікті мамандары және баға, сапа, қаптама, өнімді мақсатты нарық талаптарына бейімдеу мүмкіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша бәсекеге қабілетті өнімі болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорында экспорттық сатуларға жауапты қызметкердің болуы маңызды. Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға ерекше назар аударылады. Қолдау алушылардың шамамен 80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Ірі компаниялар, әдетте, өз өнімдерін ілгерілету үшін жеткілікті қаржылық және адами ресурстарға ие болғандықтан, мемлекеттік қолдауға азырақ мұқтаж болады. Ал шағын және жаңа кәсіпорындарды дамыту арқылы экономика үшін нақты қосылған құн қалыптастырылып, кәсіпкерлер үшін жаңа нарықтық бағыттар мен мүмкіндіктер ашылады. Үшінші маңызды қағидат – өнімнің технологиялық деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, оның мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндігі соғұрлым арта түседі. Өз қызметін жүзеге асыру барысында Агенттік заңдылық, ашықтық, қолжетімділік, кәсіпкерлік субъектілерінің қолдау шараларына тең қолжетімділігі, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың экономикалық негізділігі мен тиімділігі қағидаттарын басшылыққа алады. Агенттік қызметі шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуға, отандық өнімнің өткізу нарықтарын кеңейтуге және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізуді көздейді. Закон РК «О промышленной политике» (Статья 4 — Принципы) Приказ МТИ РК от 01.08.2022 № 314-НҚ

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап: Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс. Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық-сақтандыру және маркетингтік қолдау көрсетеді. Толық жауап: Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім шығаруы тиіс, бұл тиісті құжаттармен расталуы немесе Қазақстан Республикасының өндірушілер тізілімінде тіркелуі қажет. Мұндай өнімдер қатарына күнбағыс майы, ұн, металл бұйымдары, металл қорытпалары, сусындар, азық-түлік тауарлары және басқа да өңделген өнімдер жатады. Сонымен қатар жоғары технологиялық өнімдер де осы санатқа кіреді. Бұдан бөлек, қызметтер экспорты да экспортты қолдау шараларымен қамтылады, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер басым бағыттардың бірі болып табылады. Өндірушінің мемлекет алдында салықтық берешегі болмауы тиіс. Сондай-ақ өнімнің экспорттық әлеуеті жоғары болуы және өндірістің көлемін ұлғайтуға дайын болуы маңызды. Агенттік тарапынан қолдау алудың негізгі шарттарының бірі кәсіпорынның экспорттық әлеуетінің болуы, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығуға немесе ондағы қатысу аясын кеңейтуге мүдделілігі болып табылады. Қазақстандық өнімді шетел нарықтарына ілгерілету мақсатында Агенттіктің экспорттық тауар айналымы жоғары бірқатар елдерде, оның ішінде Ресей Федерациясында, Қытай Халық Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Тәжікстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Әзербайжан Республикасында және Түркия Республикасында шетелдік өкілдері жұмыс істейді. Олар отандық кәсіпорындарға әлеуетті сатып алушыларды іздеуге, іскерлік байланыстар орнатуға және тиісті нарықтардағы экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жәрдем көрсетеді. Сонымен қатар Агенттік «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен бірлесіп «Экспорттаушылар витринасы» цифрлық платформасын енгізіп, дамытуда. Платформада қазақстандық өндірушілер мен олардың өнімдері туралы ақпарат орналастырылады. Бұл шетелдік серіктестерге қажетті қазақстандық тауарларды іздеуге, сондай-ақ экспортты қолдау шараларымен танысуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Агенттіктің қаржылық және сақтандыру құралдарын экспорттық мәмілелерді құрылымдау кезеңінен бастап пайдалануға жағдай жасалады. Сондай-ақ Агенттік экспорттық кредиттерді сақтандыру және қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсетеді. Аталған құралдар қазақстандық өндірушілерге шетелдік сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсына отырып, төлемнің жүзеге аспау тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспорттаушылардың мұндай мәмілелерді сенімді жүзеге асыруына жағдай жасайды. Агенттіктің экспорттық-сауда қаржыландыру құралы да бар. Ол шетелдік сатып алушылардың қазақстандық өнімді сатып алу үшін тартатын қаржыландыруының шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді. Соның арқасында отандық өндірушілер өнім жеткізумен қатар сатып алушыға қаржылық шешім ұсынатын кешенді коммерциялық ұсыныс қалыптастырып, қазақстандық экспорттың тартымдылығын арттыруға және экспорттық келісімшарттардың жасалуына ықпал етеді. Закон РК «О промышленной политике» Приказ МТИ РК от 01.08.2022 № 314-НҚ

    ·
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасының техникалық регламентіне өзгерістер енгізу жобасын әзірлеу туралы ХАБАРЛАМА

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі«Ашық НҚА»интернет-порталының сілтемесі(https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=15914918 )бойынша«Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» (бұдан әрі – Техникалық регламент) Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Төтенше жағдайлар министрі бұйрығы жобасының әзірленуі туралы хабарлайды. Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне сәйкес келтіру көзделеді. Барлықмүдделі тұлғаларды талқылауға қатысуға шақырамыз.

    Жарияланды:
    Анықтама

    2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы «Қазақстан Республикасы Сауда жене интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті» РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша аналитикалық анықтама

    Жарияланды:
    Анықтама

    "Казакстан Республикасы Сауда жэне интеграция министрлігі Техникалык реттеу жэне метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті» РММ кызметіндегі сыбайлас жемкорлык тэуекелдерін ішкі талдау нэтижелері бойынша Талдамалык аныктама

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Түркістан облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті» РМҚК қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша анықтамасы

    Жарияланды:
    Анықтама

    Талдамалық анықтама "Абай облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменті" РММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

    Жарияланды:
    Анықтама

    «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» РММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша жай-күйі туралы ТАЛДАМАЛЫ АНЫҚТАМА

    Жарияланды: