Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесе

    Толық жауап:
    Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Егер көтерілетін мәселе олардың құзыретіне қатысты болса, мемлекеттік органдар қабылдауды өткізу кезінде басқа мүдделі органдардың өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді (Регламенттің 18-тармағы). Жеке қабылдауға арналған өтінішті қарау бойынша жауапты орындаушы Регламентте белгіленген мерзімдерде материалдарды жинауды және талдауды қамтамасыз етеді, өтініш берушіні қабылдау кестесіне енгізу туралы одан әрі шешім шығару үшін мемлекеттік орган басшысының атына анықтамалық ақпаратты (бұдан әрі – анықтамалық ақпарат, Регламенттің 26-тармағы) дайындайды. Өтініш берушінің жеке қабылдауында талқылағысы келетін мәселенің мәні туралы нақты мәліметтердің болмауы мемлекеттік органның басшылығы үшін объективті анықтамалық ақпарат жасауға мүмкіндік бермейді. Өтініштің мәні міндетті талаптарының бірі болып табылады (Әкімшілік рәсімдік-процесуалдық кодектің 63-бабы 2-тармағы 3-тармақшасы). Мұндай жағдайда , жеке қабылдауды тиісті ұйымдастыру үшін материалдарды жан-жақты, толыққанды жинауды және талдауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік орган өтініш берушіге өтінішті ары қарай қарау үшін белгілі бір мерзімде ӘРПК-нің белгіленген талаптарына сәйкестендіруді ұсынуы мүмкін. Мысалы: Егер өтініш беруші: «Менің Техникалық реттеу және метрология комитетіне шағымым бар» деп көрсетсе, бірақ мәселенің нақты не екенін нақтыламаса, Мемлекеттік орган өтініштің мәнін анықтай алмайды. Бұл әртүрлі мәселелерге қатысты болуы мүмкін: сәйкестік сертификатын беруден бас тарту, құжаттарды қарау мерзімдерін кешіктіру, лауазымды тұлғалардың дұрыс емес әрекеттері немесе тіркеу кезіндегі техникалық қателер. Мұндай нақтылаусыз тиісті бөлімшелерді тарту, қажетті материалдарды сұрату жәнеМинистрлік басшылығы үшін объективті анықтамалық ақпарат дайындау, сондай-ақ қажет болған жағдайда мүдделі органдардың қатысуын қамтамасыз ету мүмкін емес.

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K2000000350

    https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P2300000214

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап:Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады.Толық жауап:Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады.Толық жауап:Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бер...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын...

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарғ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс. Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өнімді экспорттау үшін баламалы көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту жөніндегі бастамаларды қалай қолдайды?

    Жауап

    Қысқа жауап:Мемлекет көлік-логистикалық және сауда хабтарын құру, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік процестерін цифрландыру және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы баламалы экспорттық...

    ·
    Сұрақ

    Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Клирингтік орталық — бұл биржалық мәмілелер бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұйым. Ол ақша мен тауардың тараптарға толық көлемде берілуіне кепілдік береді.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйк...

    ·
    Сұрақ

    Биржалық сауда-саттыққа қатысушы қалай болуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық сауда-саттыққа қатысушылар болып тауар биржасында аккредиттеуден өткен биржалық брокерлер мен дилерлер табылады. Жеке тұлғалар брокермен шарт жасасу арқылы оның қызметін пайдаланып, сауда-саттыққа қатыса алады.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 19-ба...

    ·