Қысқа жауап:
Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарға шығу әлеуеті бар кәсіпорындарға, сондай-ақ жоғары қосылған құны мен технологиялық деңгейі жоғары өнім өндірушілерге беріледі.
Қолдау шаралары отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, өткізу нарықтарын кеңейтуге және шикізаттық емес экспорт көлемінің өсуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Толық жауап:
Экспортты ілгерілету бойынша қолдау шараларын көрсету кезіндегі негізгі қағидаттардың бірі – кәсіпорынның экспортта табысқа жету әлеуетінің болуы. Яғни компания өз өнімін экспорттауға мүдделі болуы, қажетті өндірістік мүмкіндіктерге ие болуы, оның ішінде жабдықталған өндірістік алаңы, білікті мамандары және баға, сапа, қаптама, өнімді мақсатты нарық талаптарына бейімдеу мүмкіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша бәсекеге қабілетті өнімі болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорында экспорттық сатуларға жауапты қызметкердің болуы маңызды.
Сондай-ақ шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға ерекше назар аударылады. Қолдау алушылардың шамамен 80%-ын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері құрайды. Ірі компаниялар, әдетте, өз өнімдерін ілгерілету үшін жеткілікті қаржылық және адами ресурстарға ие болғандықтан, мемлекеттік қолдауға азырақ мұқтаж болады. Ал шағын және жаңа кәсіпорындарды дамыту арқылы экономика үшін нақты қосылған құн қалыптастырылып, кәсіпкерлер үшін жаңа нарықтық бағыттар мен мүмкіндіктер ашылады.
Үшінші маңызды қағидат – өнімнің технологиялық деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын, оның мемлекеттік қолдау шараларын алу мүмкіндігі соғұрлым арта түседі.
Өз қызметін жүзеге асыру барысында Агенттік заңдылық, ашықтық, қолжетімділік, кәсіпкерлік субъектілерінің қолдаушараларына тең қолжетімділігі, сондай-ақ мемлекеттік ресурстарды пайдаланудың экономикалық негізділігі мен тиімділігі қағидаттарын басшылыққа алады.
Агенттік қызметі шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайтуға, отандық өнімнің өткізу нарықтарын кеңейтуге және қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізуді көздейді.
- Закон РК «О промышленной политике» (Статья 4 — Принципы)
- Приказ МТИ РК от 01.08.2022 № 314-НҚ