Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    ·
    Сұрақ

    Қазақстандық өндірушіге мемлекет тауарды шетелде ілгерілетуге көмектесуі үшін не қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:
    Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім өндіруі немесе қызметтер экспортын жүзеге асыруы, экспорттық әлеуетке ие болуы, салықтық берешегі болмауы және сыртқы нарықтарға шығуға мүдделі болуы тиіс.

    Мемлекет экспорттаушыларға консультациялық, сервистік, қаржылық-сақтандыру және маркетингтік қолдау көрсетеді.

    Толық жауап:
    Қолдау шараларын алу үшін өндіруші өңделген өнім шығаруы тиіс, бұл тиісті құжаттармен расталуы немесе Қазақстан Республикасының өндірушілер тізілімінде тіркелуі қажет. Мұндай өнімдер қатарына күнбағыс майы, ұн, металл бұйымдары, металл қорытпалары, сусындар, азық-түлік тауарлары және басқа да өңделген өнімдер жатады. Сонымен қатар жоғары технологиялық өнімдер де осы санатқа кіреді. Бұдан бөлек, қызметтер экспорты да экспортты қолдау шараларымен қамтылады, оның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы қызметтер басым бағыттардың бірі болып табылады.

    Өндірушінің мемлекет алдында салықтық берешегі болмауы тиіс. Сондай-ақ өнімнің экспорттық әлеуеті жоғары болуы және өндірістің көлемін ұлғайтуға дайын болуы маңызды.

    Агенттік тарапынан қолдау алудың негізгі шарттарының бірі кәсіпорынның экспорттық әлеуетінің болуы, сондай-ақ сыртқы нарықтарға шығуға немесе ондағы қатысу аясын кеңейтуге мүдделілігі болып табылады.

    Қазақстандық өнімді шетел нарықтарына ілгерілету мақсатында Агенттіктің экспорттық тауар айналымы жоғары бірқатар елдерде, оның ішінде Ресей Федерациясында, Қытай Халық Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Тәжікстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Әзербайжан Республикасында және Түркия Республикасында шетелдік өкілдері жұмыс істейді. Олар отандық кәсіпорындарға әлеуетті сатып алушыларды іздеуге, іскерлік байланыстар орнатуға және тиісті нарықтардағы экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтуге жәрдем көрсетеді.

    Сонымен қатар Агенттік «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-мен бірлесіп «Экспорттаушылар витринасы» цифрлық платформасын енгізіп, дамытуда. Платформада қазақстандық өндірушілер мен олардың өнімдері туралы ақпарат орналастырылады. Бұл шетелдік серіктестерге қажетті қазақстандық тауарларды іздеуге, сондай-ақ экспортты қолдау шараларымен танысуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде Агенттіктің қаржылық және сақтандыру құралдарын экспорттық мәмілелерді құрылымдау кезеңінен бастап пайдалануға жағдай жасалады.

    Сондай-ақ Агенттік экспорттық кредиттерді сақтандыру және қысқа мерзімді дебиторлық берешекті сақтандыру құралдары арқылы қолдау көрсетеді. Аталған құралдар қазақстандық өндірушілерге шетелдік сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсына отырып, төлемнің жүзеге аспау тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде қазақстандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, экспорттаушылардың мұндай мәмілелерді сенімді жүзеге асыруына жағдай жасайды.

    Агенттіктің экспорттық-сауда қаржыландыру құралы да бар. Ол шетелдік сатып алушылардың қазақстандық өнімді сатып алу үшін тартатын қаржыландыруының шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді. Соның арқасында отандық өндірушілер өнім жеткізумен қатар сатып алушыға қаржылық шешім ұсынатын кешенді коммерциялық ұсыныс қалыптастырып, қазақстандық экспорттың тартымдылығын арттыруға және экспорттық келісімшарттардың жасалуына ықпал етеді.

    1. Закон РК «О промышленной политике»

    2. Приказ МТИ РК от 01.08.2022 № 314-НҚ

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Мемлекеттік орган қандай жағдайларда жеке қабылдауға өтінішті пысықтауға жібере алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Егер өтініште өтініш беруші Мемлекеттік орган басшылығының жеке қабылдауын сұрайтын мәселенің мәні көрсетілмесеТолық жауап:Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу тиісті нормативтік құқықтық акт (2023 жылғы 15...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогындағы деректерді өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Қысқа жауап:Иә, тауар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда ақпаратты жаңартуға болады.Толық жауап:Тауардың атауы, сипаттамасы, өлшем бірлігі немесе басқа сәйкестендіру белгілері өзгерген жағдайда Ұлттық тауарлар каталогындағы мәліметтерді өзектендіруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл...

    ·
    Сұрақ

    Ұлттық тауарлар каталогында тауарды кім тіркеуі тиіс?

    Жауап

    Қысқа жауап:Тауар туралы мәліметтер болмаған жағдайда оны өндіруші, импорттаушы немесе тауар айналымына қатысушы кәсіпкер тіркей алады.Толық жауап:Егер тауар туралы ақпарат Ұлттық тауарлар каталогында болмаса, тауарды нарыққа шығаратын субъект оның карточкасын тіркеуге өтінім бер...

    ·
    Сұрақ

    Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?Кәсіпкерлер экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпаратты қайдан ала алады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары және консультациялық сүйемелдеу туралы ақпарат алу үшін кәсіпкерлер Қазақстанның Экспорттық порталын, «QazTrade» АҚ-ның Telegram-арнасын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп жұмыс істейтін Бірыңғай байланыс орталығын...

    ·
    Сұрақ

    Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары қандай принциптерде ұсынылады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Экспортты мемлекеттік қолдау шаралары заңдылық, ашықтық, қолжетімділік және кәсіпкерлік субъектілеріне тең қолжетімділік қағидаттары негізінде жүзеге асырылады. Басымдық шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, экспортқа бағдарланған компанияларға, сыртқы нарықтарғ...

    ·
    Сұрақ

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі қазақстандық өнімді экспорттау үшін баламалы көліктік-логистикалық маршруттарды дамыту жөніндегі бастамаларды қалай қолдайды?

    Жауап

    Қысқа жауап:Мемлекет көлік-логистикалық және сауда хабтарын құру, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, көлік процестерін цифрландыру және халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы баламалы экспорттық...

    ·
    Сұрақ

    Тауар биржасының клирингтік орталығы дегеніміз не және ол не үшін қажет?

    Жауап

    Қысқа жауап:Клирингтік орталық — бұл биржалық мәмілелер бойынша сатып алушы мен сатушы арасындағы есеп айырысуды қамтамасыз ететін ұйым. Ол ақша мен тауардың тараптарға толық көлемде берілуіне кепілдік береді.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 17-бабының 2-тармағына сәйк...

    ·
    Сұрақ

    Биржалық сауда-саттыққа қатысушы қалай болуға болады?

    Жауап

    Қысқа жауап:Биржалық сауда-саттыққа қатысушылар болып тауар биржасында аккредиттеуден өткен биржалық брокерлер мен дилерлер табылады. Жеке тұлғалар брокермен шарт жасасу арқылы оның қызметін пайдаланып, сауда-саттыққа қатыса алады.Толық жауап:«Тауар биржалары туралы» Заңның 19-ба...

    ·