ТРМК «ҚазСтандарт» РМК-ның № 061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебін тыңдады

    1 / 3

    Қазақстан РеспубликасыныңСауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 2026 жылы6 қарашада№ 061 «Техникалық реттеу және метрология саласындағы қызметтер» бюджеттік бағдарламасын іске асыру бойынша «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК-ның есептерінтыңдаудыкелесі іс-шаралар шеңберіндеөткізді:

    - «Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын құру және күтіп ұстау»;

    - «Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу»;

    - «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу».

    Институт басшылығы өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы негізгі міндеттердің орындалуы туралы есеп ұсынды. Есептерді тыңдау қорытындысы бойынша жоспарлы көрсеткіштердің орындалуы, сондай-ақ ұлттық эталондық базаны дамыту және халықаралық ынтымақтастық саласында қол жеткізген нәтижелер атап өтілді.

    Тыңдау барысында «ҚазСтандарт» РМК басшылығы аталған бағыттардың әрқайсысы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріментаныстырды.

    «Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын құру және күтіп ұстау» іс-шарасы шеңберінде мемлекеттік эталондық базаның жұмыс істеуі және оған техникалық қызмет көрсету қамтамасыз етілді. Есепті кезеңде өлшем құралдарын 1 305 калибрлеу және 2 153 салыстырып тексеру жұмысы жүргізілді, 1 840 стандартты үлгі (486 салыстырып тексеру газ қоспасы, металл иондары құрамының 1 253 стандартты үлгісі, астық пен астық өнімдерінің ылғалдылығы мен құрамының 101 стандартты үлгісі),сондай-ақ77 қаттылық өлшемі дайындалды. Эталондардың халықаралық салыстыруларына қатысу және халықаралық деңгейде танылған калибрлеу және өлшеу мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.Оған қоса, 2027–2029 жылдарға арналған ұлттық эталондық базаны жаңғырту бойынша ұсыныстар әзірленді.

    «Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімін жүргізу» іс-шарасыаясында«Е-КТРМ» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді тіркеу, жүйелеу және өзектендіру қамтамасыз етілді. Тізілімде 112 мемлекеттік және мемлекеттік жұмыс эталоны, метрологиялық аттестаттаудан өткен 441 өлшем құралы, стандартты үлгілердің 481 типі және өлшем құралдарын салыстырып тексеруші 613 маман тіркелген. Бұдан басқа, есепті кезеңде өлшем құралдарын салыстырып тексерудің 639 әдістемесі тіркелді.

    «Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және стандарттау жөніндегі құжаттардың жобаларына метрологиялық сараптама жүргізу» іс-шарасы шеңберінде 34 нормативтік құқықтық актіге және олардың жобаларына, сондай-ақ стандарттау жөніндегі құжаттардың 6 жобасына метрологиялық сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижелері бойынша анықталған сәйкессіздіктерді жоюға және экономиканың түрлі салаларындағы метрологиялық талаптарды жетілдіруге бағытталған қорытындылар мен ұсынымдардайындалды.

    Есептерді тыңдау қорытындысы бойынша Комитет бюджеттік бағдарлама іс-шараларын іске асыру нәтижелерін атап өтіп, ұлттық эталондық базаны дамыту және жаңғырту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту, тізілімдегі мәліметтерді өзектендіру және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіруді қамтитын алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" жаңалықтары