Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі «Кәсіптік біліктіліктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
5-тармағына сәйкес «Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын әзірледі.
Аталған жоба сауда қызметі саласындағы мамандардың біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын талаптарды белгілеу мақсатында әзірленді. Жобада сауда саласындағы салалық біліктілік шеңберін қалыптастыру аясында әзірленген «Отынмен, кенмен, металдармен және химиялық заттармен көтерме сауда агенттерінің қызметі», «Риелторлық қызмет» және «Тауарларға пошта немесе Интернет желісі арқылы тапсырыс беру жолымен бөлшек сауда» кәсіптік стандарттарын бекіту көзделеді.
Негізгі мақсаты:жобаны қабылдау сала мамандарына қойылатын өзекті біліктілік талаптарын қалыптастыруға, кадрларды даярлау мен бағалау сапасын арттыруға, сондай-ақ кәсіптік құзыреттердің еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған.
ҚР СИМ «Сауда қызметі саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын жариялады. Аталған жобаны жария талқылау 09.10.2026 бастап 27.10.2026 дейін «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында өтеді.





