Қызметкерлер — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Есенбекова Жанна Рашидқызы
    Төраға

    Есенбекова Жанна Рашидқызы

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Төрағасы

    1982 жылы Қарағанды ​​облысында туған. 2002 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін аяқтады.

    Мемлекеттік бақылауТехникалық реттеу және халықаралық ынтымақтастықСәйкестікті бағалау, аккредиттеу және метрологияСтандарттау және тауардың шыққан елі
    Қасымов Бауыржан Төлегенұлы
    Төрағаның орынбасары

    Қасымов Бауыржан Төлегенұлы

    ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары-әдеп жөніндегі уәкіл

    Қасымов Бауыржан Төлегенұлы 1978 жылы 31 шілдеде Қарағанды облысында дүниеге келген. 2001 жылы «Болашақ» Қарағанды өзекті білім беру институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2013 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік бақылауСәйкестікті бағалау, аккредиттеу және метрология
    Қабылбеков Қанат Абайұлы
    Төрағаның орынбасары

    Қабылбеков Қанат Абайұлы

    ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары

    1984 жылы туған, екі жоғары білімі бар. М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (экономика магистрі) бітірген.

    Стратегиялық жоспарлау және тауарларды таңбалау жүйесі

    Территориальные департаменты КТРМ

    23
    Омарова Бибигул Нурсапаевна
    Басшы

    Омарова Бибигул Нурсапаевна

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы - Жетісу облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1969 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін (метеорология), Қазақ инженерлік-экономикалық университетін (стандартизация және сертификаттау) және Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетін (экология) бітірген.

    Мемлекеттік бақылау
    Оспанов Ербол Амангельдыевич
    Басшы

    Оспанов Ербол Амангельдыевич

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Ақмола облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1989 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология), А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (мемлекеттік басқару) бітірген.

    Жаксыбаева Асем Айткалиевна
    Басшы

    Жаксыбаева Асем Айткалиевна

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау бойынша бас мемлекеттік инспекторы

    1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында туылған. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін (шет тілі: екі шет тілі), Орталық Азия университеті (юриспруденция), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (стандарттау және сертификаттау) бітірген.

    Уалиев Алем Женисович
    Басшы

    Уалиев Алем Женисович

    азақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Маңғыстау облысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің басшысы-Маңғыстау облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

    Алем Женисович Уалиев 1978 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Қазақ экономика және құқық институтын (қаржы және несие), Каспий қоғамдық университетін (құқықтану) және Халықаралық білім беру корпорациясын (өнеркәсіптік және азаматтық инженерлік технологиялар) бітірген.

    Устемиров Марат Муратбекұлы
    Басшы

    Устемиров Марат Муратбекұлы

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы

    Устемиров Марат Муратбекұлы 1991 жылы 12 қыркүйекте туған, жоғары білімі бар. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология), Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін (құқықтану; стандарттау және сертификаттау) бітірген.

    Шодорова Нургуль Жагипаровна
    Басшы

    Шодорова Нургуль Жагипаровна

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы - Қостанай облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1982 жылы Қостанай облысында туылған. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеттін (агротехникалық сервис); А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеттін (құқықтану) бітірген.

    Мемлекеттік бақылау
    Нурбаева Гульзат Галимжановна
    Басшы

    Нурбаева Гульзат Галимжановна

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы - Ақтөбе облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

    Алибаев Айбек Қабидоллович
    Басшы

    Алибаев Айбек Қабидоллович

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы - Павлодар облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

    1975 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Павлодар кооперативтік техникумын (тауартанушы - коммерсант); Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін (стандарттау және сертификаттау); Инновациялық Еуразия университетін (құқықтану) бітірген.

    Есқараев Бастар Әуелханұлы
    Басшы

    Есқараев Бастар Әуелханұлы

    Шымкент қаласы бойынша Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Департамент басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    1962 жылы 29 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтының «Ғалым-агроном» мамандығын бітірген. 2004 жылы «Мирас» университетінің «Экономист-бухгалтер» мамандығын бітірген. 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан ашық университетінің «Заңгер» мамандығын бітірген. Мемлекеттік наградалар: «ОҚО сіңірген еңбегі үшін» медалі. «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015ж) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж), мерекелік медалдары «Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі», Композитор

    Тeребаев Асет Маратович
    Басшы

    Тeребаев Асет Маратович

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы - Түркістан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    Әсет Төребаев 1987 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (Қаржы және несие; мұнай-газ ісі) бітірген.

    Сатыбалдинов Нуржан Ахмедиярович
    Басшы

    Сатыбалдинов Нуржан Ахмедиярович

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы - Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1980 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжін (өнеркәсіптік жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі техник-механик); «Болашақ» Қарағанды маңызды білім беру институтын (құқықтану); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (бизнес және басқару магистрі, МРА) бітірген.

    Қарсақбаев Бауыржан Бақытбекұлы
    Басшы

    Қарсақбаев Бауыржан Бақытбекұлы

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы - Қызылорда облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.

    1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін (ауылшарушылық өндірісін механикаландыру) және «Болашақ» университетін (экономика) бітірген.

    Маршаков Вадим Александрович
    Басшы

    Маршаков Вадим Александрович

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы-Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетін (инженер-метролог); Қазақстан-Ресей университетін (құқықтану) бітірген.

    Мұхамедқалиева Айнара Саяхатқызы
    Басшы

    Мұхамедқалиева Айнара Саяхатқызы

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы-Абай облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1988 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (ақпараттық жүйелер), Шығыс Қазақстан аймақтық университетін (қаржы), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін (стандартау және сертификаттау) бітірген.

    Айменов Рустем Ханатович
    Басшы

    Айменов Рустем Ханатович

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы - Астана қаласының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1985 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (стандарттау, метрология және сертификаттау); Cardiff Metropolitan University (бизнес- әкімшілік магистрі, МВА) бітірген.

    Мемлекеттік бақылау
    Шангирбаева Айнур Юнисовна
    Басшы

    Шангирбаева Айнур Юнисовна

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы-Ақтөбе облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    Айнұр Юнисовна Шангирбаева 1973 жылы 23 тамызда дүниеге келген , екі жоғары білімі бар : Қ . Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын ( орыс тілі мен әдебиеті ) және ҚазҰТУ жанындағы " Унат " ЖОО ( стандарттау және сертификаттау ) бітірген . Экономика ғылымдарының кандидаты . Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы - аудитор .

    Мемлекеттік бақылау
    Байкин Болат Қосымұлы
    Басшы

    Байкин Болат Қосымұлы

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    Жалпы ақпарат, білім 1987 жылы РФ, Курган облысында дүниеге келген. 2009 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. «Көлік, көлік техникасы және технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр. 2011 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр 2015 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің магистратурасын "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген.

    Есенов Ерболат Нурланович
    Басшы

    Есенов Ерболат Нурланович

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    1985 жылы 9 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист"мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік бақылау
    Бисембаев Арман Таргамбаевич
    Басшы

    Бисембаев Арман Таргамбаевич

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    Бисембаев Арман Таргамбаевич 1974 жылы Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді, К. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін (автомобиль және автомобиль өнеркәсібі); Қазтұтынуодағы Қарағанды университетін (құқықтану) бітірген.

    Устемиров Марат Муратбекұлы
    Басқарма басшысы

    Устемиров Марат Муратбекұлы

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Жамбыл облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1991 жылы Түркістан облысында туылған. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология) және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін (құқықтану; стандарттау және сертификаттау) бітірген.

    Сәйкестікті бағалау, аккредиттеу және метрология
    Телгараев Тулеген Туртаевич
    Басшы

    Телгараев Тулеген Туртаевич

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы - Шымкент қаласының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    Телғараев Төлеген Тұртайұлы, 1973 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін (ауыл шаруашылығын механикаландыру), Алматы экономика университетін (қаржы және несие) бітірген.

    Тубекова Багдат Бекетовна
    Басшы

    Тубекова Багдат Бекетовна

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы - Ұлытау облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    Бағдат Бекетқызы Төбекова 1973 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген. Жезқазған құрылыс колледжін (бухгалтерлік есеп), О.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін (өндірісті ұйымдастыру және басқару) және Қазақ технология және бизнес университетін (стандарттау және сертификаттау) бітірген.

    Сарсенбаев Даурен Идрисович
    Басшы

    Сарсенбаев Даурен Идрисович

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы - Алматы қаласының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы

    1976 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану) бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    8
    Яшкина Гульнара Бердыгуловна
    Басшы

    Яшкина Гульнара Бердыгуловна

    Стратегиялық жоспарлау және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы

    1978 жылы Ресей Федерациясы Омбы облысында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (шет тілдер филологиясы); М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (құқықтану); ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын (жергілікті және мемлекеттік басқару) бітірген.

    Стратегиялық жоспарлау және тауарларды таңбалау жүйесі
    Дәулетбек Әділбек Жарқынұлы
    Басқарма басшысы

    Дәулетбек Әділбек Жарқынұлы

    Басқарма басшысы

    1992 жылы 13 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген. 2014 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтады; 2016 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын аяқтады.

    Айбатырова Эльмира Кайраткызы
    Басқарма басшысы

    Айбатырова Эльмира Кайраткызы

    Техникалық реттеу басқармасының басшысы

    1992 жылғы 10 шілдеде Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі: - техника және технологиялар бакалавры, «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2013 ж.); - техника ғылымдарының магистрі, «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2016 ж.); - экономика және бизнес бакалавры , «Экономика» мамандығы (Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, 2020 ж.); - бизнес және басқару магистрі, «Мемлекеттік саясат» мамандығы (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2025 ж.). СТ РК ISO 21502-2022 стандарты бойынша сертификатталған жоба жетекшісі (Сертификат ЦПСПГУ тізілімінде №004164 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана қ., 2025 ж.).

    Техникалық реттеу және халықаралық ынтымақтастық
    Қыстаубаева Азиза Қалиқызы
    Басқарма басшысы

    Қыстаубаева Азиза Қалиқызы

    Мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы

    1991 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (стандартизация, метрология және сертификаттау) және Туран-Астана университетін (құқықтану) бітірген.

    Техникалық реттеу және халықаралық ынтымақтастық
    Қазбек Нұрбек Даниярұлы
    Басшы

    Қазбек Нұрбек Даниярұлы

    Стандарттау және тауардың шыққан елі басқармасының басшысы

    1993 жылы Алматы облысында дүниеге келген . Алматы технологиялық университетін (с тандарттау , сертификаттау және метрология) бітірген.

    Стандарттау және тауардың шыққан елі
    Имашев Ринат Бахытжанұлы
    Басшы

    Имашев Ринат Бахытжанұлы

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    Ринат Имашев 1985 жылы 06 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. 2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік бақылау
    Суймбаева Гульжан Мустапаевна
    Басқарма басшысы

    Суймбаева Гульжан Мустапаевна

    Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу басқармасының басшысы

    1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (стандарттау және сертификаттау); «Көкше» академиясын (құқықтану); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (аймақтық даму) бітірген.

    Тулегенов Асылан Жандосович
    Басқарма басшысы

    Тулегенов Асылан Жандосович

    Метрология және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы

    1995 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті (метрология); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология) бітірген.

    Сәйкестікті бағалау, аккредиттеу және метрология