
Маршаков Вадим Александрович
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы-Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы
Өмірбаян
1980 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласында дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік университетін (инженер-метролог); Қазақстан-Ресей университетін (құқықтану) бітірген.
2003 жылдан бастап «Мұнаймаш» АҚ Стандарттау және сапа бөлімінің инженер-метрологы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің (Мемстандарт) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің жетекші, бас маманы.
2017 жылғы 19 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы лауазымына тағайындалды.
2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы-Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып тағайындалды.





