
Оспанов Ербол Амангельдыевич
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Ақмола облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы
Өмірбаян
1989 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология), А. Мырзахметов ат. Көкшетау университетін (мемлекеттік және жергілікті басқару), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (мемлекеттік басқару) бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының Индустриялық – инновациялық даму бөлімінің бас маманы болып бастады.
2013-2015 жылдары – Ақмола облысы әкімі аппаратының Индустрия және инвестицияларды дамыту бөлімінің басшысы.
2015-2016 жылдары – Ақмола облысы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары.
2016 жылдан 2025 жылға дейін – Ақмола облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы; Ақмола облысының Кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы. Тағайындалғанға дейін Ақмола облыстық мәслихаты аппаратының басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы - Ақмола облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы.





