
Нурбаева Гульзат Галимжановна
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы - Ақтөбе облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы
Өмірбаян
1986 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, Қазақ-Орыс Халықаралық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2026 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын аяқтап, «Цифрлық мемлекеттік басқару» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолын техникалық реттеу және метрология жүйесінде 2008 жылы Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаментінің жетекші маманы лауазымынан бастады.
2010–2012 жылдары – Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы.
2012–2018 жылдары – Астана қаласындағы Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшесінің бас маманы – мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспектор.
2018–2022 жылдары – Техникалық реттеу және метрология комитетінің орталық аппаратының бас сарапшысы.
2022–2024 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінде қызмет атқарып, бас сарапшы және Сауда қызметін реттеу басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды.
2024 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы – Ақтөбе облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы қызметін атқарады.





