
Қарсақбаев Бауыржан Бақытбекұлы
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары,Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік және «Болашақ» университеттерін бітірген.
Еңбек жолын 2001 жылы «С.Сейфуллин» ЖШС-де механик болып бастаған.
2002-2004 жылдары Қызылорда облыстық медицина орталығында, инженер-оператор болып қызмет атқарған.
2004-2008 жылдар аралығында Қызылорда қаласы әкімі аппаратында маман, жетекші маман, бас маман, қалалық кәсіпкерлік бөлімінде бас маман, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2008-2011 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында бас инспектор, облыс әкімі орынбасарының көмекшісі, Қызылорда қаласы әкімі аппаратының экономика және қала инфрақұрылымын дамыту бөлімінің бастығы, энергетика және коммуналдық шаруашылықты дамыту бөлімінің бастығы, қала әкімі орынбасарының көмекшісі-бас инспекторы болып қызмет атқарған.
2011-2013 жылдары «Қызылорда қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі»ММ-ің бастығы,Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының орынбасары болып жұмыс атқарған.
2013-2020 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығы» КММ басшысының орынбасары,басшысы, Сырдарияауданы әкімі аппаратының басшысы лауазымдарын атқарған.
2020 жылдың 8 қазанынан бастап Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы-Қызылорда облысының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқаруда.




