
Устемиров Марат Муратбекұлы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - Жамбыл облысының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы
Өмірбаян
1991 жылы Түркістан облысында туылған. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін (стандарттау, сертификаттау және метрология) және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін (құқықтану; стандарттау және сертификаттау) бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «ҚазМетрИн» РМК № 3 зертханасының сарапшысы қызметінен бастады. Кейінгі жылдары 2-санатты сарапшы, 1-санатты сарапшы, жетекші сарапшы және зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінде жұмыс істеп, бас сарапшының міндетін атқарушы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2023–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінде жұмыс істеп, Сәйкестікті бағалау, аккредиттеу және метрология басқармасының басшысы және Метрология және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2025 жылғы қазаннан бастап – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы – мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі Жамбыл облысының бас мемлекеттік инспекторы.





