Суймбаева Гульжан Мустапаевна

    Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу басқармасының басшысы

    Суймбаева Гульжан Мустапаевна
    Басқарма басшысы

    Суймбаева Гульжан Мустапаевна

    Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу басқармасының басшысы

    Өмірбаян

    1982 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін (стандарттау және сертификаттау); «Көкше» академиясын (құқықтану); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын (аймақтық даму) бітірген.

    Еңбек жолын 2005 жылы «Panpharma» ЖШС-нің СМК бөлімінің маманы ретінде бастап, 2008 жылға дейін жұмыс істеді.

    2008-2013 жылдары - «Алматы Экспертиза» ЖШС сапа менеджменті жүйесі жөніндегі маманы; Алматы қаласының Сауда-өнеркәсіп палатасының сапа менеджменті жүйесі жөніндегі маманы.

    2013-2016 жылдары - «Тау-Кен Самрук» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ Корпоративтік даму және СМК департаментінің бас менеджері.

    2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сарапшысы.

    2019-2026 жылдары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің сарапшысы, бас сарапшысы.

    2026 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Сәйкестікті бағалау және аккредиттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері