Имашев Ринат Бахытжанұлы

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    Имашев Ринат Бахытжанұлы
    Руководитель

    Имашев Ринат Бахытжанұлы

    Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімінің басшысы-әдеп жөніндегі уәкіл

    Өмірбаян

    Ринат Имашев 1985 жылы 06 тамызда Алматы облысында дүниеге келген.

    2008 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару» мамандығы бойынша, 2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2007 жылы бастады, Алматы қаласы бойынша «Тәртіп» Акционерлік қоғамының Кадрлар жөніндегі инспекторы болып жұмыс істеді.

    2008-2009 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімі аппаратының, Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2009-2010 жылдары Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты, Кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2010-2013 жылдары Алматы қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өнеркәсіп кәсіпорындары қызметі мониторингі бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2013-2014 жылдары Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы, ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2015 жылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Алматы қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторының міндетін атқарушы болып жұмыс істеді.

    2015-2019 жылдары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі ТРМК мемлекеттік бақылау жөніндегі Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Алматы қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

    2019 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Алматы қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

    2019-2023 жылдары ҚР СИМ ТРМК Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Алматы қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

    2023 жылғы 18 қыркүйекте Алматы облысы бойынша ҚР СИМ ТРМК басшысы болып тағайындалды.

    2015 және 2017 жылдары ҚР Құрмет грамотасымен марапатталған.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері