
Дәулетбек Әділбек Жарқынұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1992 жылы 13 қарашада Ақмола облысында дүниеге келген.
2014 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін аяқтады;
2016 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің магистратурасын аяқтады.
2015-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Ақмола облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы;
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Ақмола облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы;
2019 жж. - Республика Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды цифрландыру департаментінің бас сарапшысы;
2020-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің бас сарапшысы;
2022 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Техникалық реттеу және ЕАЭО-мен өзара іс-қимылды үйлестіру басқармасының басшысы.



