Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссияның екінші отырысы өтті

    1 / 4

    2026 жылғы 20 қарашада бейнеконференция форматында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комиссиясының екінші отырысы өтті. Отырысты ҚР СИМ ТРМК Төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов басқарды.

    Отырысқа ТРМК, «ҚазСтандарт» РМК, «ҰАО» РМК, «ҰлтССО» АҚ, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚР СИМ Қоғамдық кеңесінің, салыстырып тексеру зертханалары мен өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

    Комиссия мынадай мәселелерді қарады:
    * электр зарядтау станцияларын метрологиялық қамтамасыз ету;
    * мемлекеттік эталондарға жауапты мамандарға «Ғалым-сақтаушы» біліктілігін беру;
    * манометрлердің салыстырып тексеру аралығы;
    * ұзындықтың мемлекеттік екінші реттік эталоны;
    * шық/қырау нүктесі температурасы және ылғалдың көлемдік (молярлық) үлесі бірлігінің жаңғыртылған мемлекеттік эталонын қайта бекіту.

    Талқылау қорытындысы бойынша комиссия шешімдер қабылдап, мүдделі ұйымдарға тапсырмалар берді.

    Комиссияның жұмысы ұлттық эталондық базаны дамытуға, бизнесті қолдауға және Қазақстанда өлшем бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    #ҚазСтандарт #KazStandard #метрология #ҒТК #эталон #өлшембірлігі #ТРМК #СИМ #Қазақстан

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті" жаңалықтары