Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті

    Комитет туралы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілді. Осы Жарлықты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды.

    Комитеттің негізгі миссиясы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы тұтас және тиімді саясатты қалыптастыру болып табылады (Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 7 бұйрығымен бекітілген Комитет және оның аумақтық бөлімшелері туралы ереже).

    Комитет алдында екі негізгі міндет анықталды:

    1)тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін сала аралық үйлестіруді жүзеге асыру;

    2)тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.

    Комитеттің өңірлерде 20 аумақтық департаменттері бар, штат саны 50 бірлік (12-ТҚҚК, 38-аумақтық департаменттер).

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    🟦 ПРЕСС-АНОНС Кәсіпкерлердің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарын сақтауы

    🟦 ПРЕСС-АНОНС Тақырып: Кәсіпкерлердің сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау салаларындағы заңнама талаптарын сақтауы Спикер: Даулетбаев Жасулан Айтуганович - Ұлытау облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы 📅 Өтетін күні: 28 тамыз 2026 жыл 🕒 Уақыты: 11:00 📍 Өтетін орны: Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 🔗 Көрсетілім сілтемесі: https://youtube.com/channel/UCrVfuOSb_VsBzaWjy7J5sOw?si=eRg

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Региональная служба коммуникаций области Ұлытау
    ОтырысАяқталды

    Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департамент басшысы Б.Тұрмағанбет қоғамдық қабылдау өткізеді

    Құрметті Павлодар облысының тұрғындары! 2026 жылғы 13 сәуір күні Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде «МИР» медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен тұтынушылардың өтініштерін қарау жөніндегі 14:00-15:00 дейін Генерала Дюсенова 80 көшесі, 1 этаж мекенжайы бойынша қоғымдық қабылдыу ұйымдастырылады.

    7 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    🟦 ПРЕСС-АНОНС Тақырып: Тұтынушы құқықтарының мәселелері бойынша әлеуметтік және талдамалық зерттеу жүргізу жөніндегі есеп

    Спикер: Дәулетбаев Жасұлан Айтуғанұлы - Ұлытау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы 📅 Өтетін күні: 20 наурыз 2026 жыл 🕒 Уақыты: 11:00 📍 Өтетін орны: Ұлытау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі 🔗 Көрсетілім сілтемесі: https://youtube.com/channel/UCrVfuOSb_VsBzaWjy7J5sOw?si=eRg

    18 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Дауды сотқа жеткізбей шешу: тұтынушы құқығын қорғаудың тәртібі мен мерзімдері

    🟦 ПРЕСС-АНОНС Тақырыбы: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы дауларды сотқа дейін реттеу тетіктері: шағымдарды қарау тәртібі мен мерзімдері Спикер: Әбікенов Ермек – Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары 🕒 15:00 📅 03 наурыз 2026 жыл

    3 наурыз 2026 ж.Тікелей
    📍 г. Конаев, ул. Достык, 1, 4 этаж
    ОтырысАяқталды

    Шығыс Қазақстанда тұтынушылар үшін «Ашық есік күні» өтеді

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылық сауаттылықты арттыру мақсатында 2026 жылғы 29 қаңтарда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «Ашық есік күнін» өткізеді. Тұтынушыларды туындаған барлық сұрақтар бойынша 08:30-дан 17:30-ға дейін (түскі үзіліс 12:30-дан 13:30-ға дейін) Өскемен қаласы, 30 Гвардиялық дивизия көшесі, 22-үй, 3-қабат мекенжайы бойынша қабылдайды. Қосымша ақпарат: https://www.instagram.com/reel/DUAAMesCvOB/?igsh=ZmNmMzgxcjduazVv

    27 қаңтар 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    🟦 Тікелей эфир Тақырып: Департаменттің 2025 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі

    Спикер: Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин 📅 Өтетін күні: 2026 жылдың 23 қаңтар 🕒 Уақыты: 10:00 🔗 Көрсетілім сілтемесі: instagram.com/dtzpp.vko?igsh=M2Noa3hpaTJudTR1 instagram.com/p/DTunLMeilXl/?igsh=ajlobTZlbmo0aTFz

    20 қаңтар 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (ТКШ) саласында тұтынушылардың құқықтары бұзылса, не істеу керек? Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ), домофон қызметтеріне қайда шағымдануға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына (2-бап, 2-тармақ) сәйкес, тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіреді. Қайда жүгінуге болады? - Жылу, су, газ, қоқыс шығару, абаттандыру мәселелері бойынша – қалалық/аудандық әкімдікке немесе Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына. - Пәтер иелерінің кооперативіне (КСК), мүлік иелерінің бірлестігіне (ОСИ) жұмысына қатысты шағымдар – жергілікті әкімдікке немесе тұрғын үй инспекциясына. - Домофон және басқа байланыс қызметтері бойынша – Байланыс және телекоммуникациялар комитетіне немесе қызмет көрсетуші компанияға ресми шағыммен. Егер мәселе шешілмесе, сотқа немесе прокуратураға шағымдануға болады.

    ·
    Сұрақ

    Қазақстанда тауардың немесе қызметтің сапасы бойынша шағымды қалай дұрыс беруге болады?

    Жауап

    Сатушыға (дайындаушы, орындаушы) қойылатын талап (наразылық хат/претензия) еркін нысанда жасалуы мүмкін. Бұл ретте тұтынушының шағымында келесі деректемелерді көрсету қажет: - Жеке тұлғаның аты-жөні, ЖСН, пошталық мекенжайы; - тұтынушының талаптары қойылған сатушының (дайындаушының, орындаушының) деректері (заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, БСН (бар болса); - тұтынушының талабы және тұтынушылық даудың мән-жайлары. Тұтынушының сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) наразылығы қолма-қол табыс етіледі не табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты пошта жөнелтімі нысанында не сатушының (дайындаушының, орындаушының) электрондық пошта мекенжайы бойынша, егер мұндай мекенжайды сатушы (дайындаушы, орындаушы) бұрын көрсеткен болса, жіберіледі. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тұтынушының наразылығын қарауға және тұтынушының талаптарымен келіспеген жағдайда тұтынушының наразылығын алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауап ұсынуға міндетті. Осы құжаттардың көшірмелері сатушының (дайындаушының, орындаушының) тұтынушыға жауабына қоса тіркелуге тиіс. Негіздеме: тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы «Қазақстан Республикасы Заңының 42-4-бабы».

    ·
    Сұрақ

    Тауар (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігі мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Егер сіз тауар, жұмыс немесе қызмет денсаулыққа, өмірге, мүлікке немесе қоршаған ортаға қауіп төндіреді деп ойласаңыз, бұл туралы тиісті органдарға мүмкіндігінше тезірек хабарлау қажет. Қазақстанда бірнеше ұйым осындай мәселелермен айналысады: 1. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті. Бұл — тұтынушылардың шағымдарын қарайтын, тексерулер жүргізетін және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауға уәкілетті негізгі мемлекеттік орган. Шағымды eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы немесе комитеттің аумақтық бөлімшелеріне жазбаша түрде жолдауға болады. 2. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері (СЭС) Егер өнім денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін болса (мысалы, мерзімі өткен азық-түлік, зиянды заттар бар тауарлар, дәмханалар мен салондарда санитарлық нормалардың бұзылуы), СЭС-ке жүгіну қажет. Олар санитарлық-гигиеналық сараптама жүргізуге және заң бұзушылардың қызметін тоқтатуға құқылы. 3. Онлайн шағым жолдау платформалары • eGov.kz — ресми электрондық үкімет порталы. • E-Otinish — азаматтардың өтініштерін электронды түрде қабылдайтын жүйе. Маңызды: Шағым жасағанда барлық дәлелдерді жинап алыңыз — түбіртектер, фотосуреттер, бейнежазбалар, сарапшылардың қорытындылары (бар болса). Бұл сіздің өтінішіңіздің қаралуын жеделдетеді.

    ·
    Сұрақ

    Тауарды қай уақытта қайтаруға немесе айырбастауға болады?

    Жауап

    Сіз тауарды екі жағдайда қайтарып немесе ауыстырып ала аласыз: 1. Егер тауар ақаулы (сапасыз) болса: Мұндай тауарды өндіруші немесе сатушы белгілеген кепілдік мерзімі ішінде қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Егер кепілдік мерзімі көрсетілмесе, онда сатып алынған күннен бастап 2 жыл ішінде қайтаруға рұқсат етіледі. Қайтарылатын тауарда өндірістік ақау, бүліну немесе сипаттамаларға сай келмеу сияқты кемшіліктер болуы керек. Қайтару кезінде түбіртек немесе сатып алғаныңызды растайтын басқа құжат қажет. 2. Егер тауар сапалы, бірақ сізге сай келмесе: Мұндай тауарды 14 күн ішінде, сатып алған күн есепке алынбай, қайтаруға немесе ауыстыруға болады. Бұл жағдайда тауар пайдаланылмаған болуы керек, сыртқы түрі, қаптамасы, жапсырмалары мен пломбалары толық сақталған болуы тиіс. Сондай-ақ сатып алынғанын растайтын құжат (түбіртек) қажет. Мысалы, тауар түсі, өлшемі немесе үлгісі бойынша сай келмесе, оны қайтаруға болады. Маңызды: Қайтару немесе ауыстыру сатып алынған дүкенде жүзеге асырылады. Әр сатушының тауар қайтару шарттарымен алдын ала танысып алған жөн

    ·
    Сұрақ

    Сапасыз азық-түлік сатып алған жағдайда қайда жүгінуге болады?

    Жауап

    Егер сатып алынған өнім сапасыз болса, сіз келесі құқтарыңыз бар: - Бағаны төмендетуді талап етуге. - Тауарды қайтарып, ақшаны қайтарып алуға. - Тауарды ұқсас өнімге ауыстыруға. - Кемшіліктерді тегін жоюға. - Кемшіліктерді түзетуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге. (Негіз: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңының 7 және 15-баптары) Азық-түлік сапасына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауапты. Ол санитарлық нормалардың сақталуын бақылап, сатушыларға әкімшілік шара қолдана алады. Егер сіз сапасыз өнімге шағымданғыңыз келсе, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз қажет. Бұл орган сатушыларға бұзушылықтар үшін айыппұл сала алады. (Негіз: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы« Кодексінің 203, 425 және 701-баптары)

    ·
    Сұрақ

    3 деңгейлі шағымдарды қарау жүйесі дегеніміз не?

    Жауап

    I деңгейде – сатушының шағымды өз бетінше не дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің қызметтеріне жүгініп қарауы көзделеді. Бұл тетікті заңнамалық тұрғыдан бекітудің негізгі мақсаты-бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, тұтынушыға «осында және қазір шеш» қағидаты бойынша моральдық және материалдық залалды өтеуге белгіленген тәртіпті қайта бағдарлау. Жанжалды жоюға кететін уақыты мен ресурстарын барынша азайту. II деңгейде – шағымдарды уәкілетті орган қарайды. Бұзушылықтарды өз еркімен жоюдан бас тартқан жағдайда, жосықсыз сатушылар жауапкершілікке тартылады. III деңгей – шағымды соттың қарауы. Сотқа дейінгі реттеу институтын енгізуді ескере отырып, соттарға екі тараптың ымыралы шешімін таппаған даулар келіп түсетін болады.

    ·
    Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасы туралы Ереже

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасы туралы Ереже 3-тарау. Жалпы ережелер

    Жарияланды:
    Кесте

    ҚР СИМ ТҚҚК басшылығының 2026 жылғы үшінші тоқсанда жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    Жарияланды:
    Кесте

    ҚР СИМ ТҚҚК басшылығының 2026 жылғы екінші тоқсанда жеке тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    Жарияланды:
    Кесте

    ҚР СИМ ТҚҚК басшылығының 2026 жылғы бірінші тоқсанда жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау КЕСТЕСІ

    Жарияланды: