3 деңгейлі шағымдарды қарау жүйесі дегеніміз не?
I деңгейде – сатушының шағымды өз бетінше не дауларды сотқа дейін реттеу субъектілерінің қызметтеріне жүгініп қарауы көзделеді. Бұл тетікті заңнамалық тұрғыдан бекітудің негізгі мақсаты-бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, тұтынушыға «осында және қазір шеш» қағидаты бойынша моральдық және материалдық залалды өтеуге белгіленген тәртіпті қайта бағдарлау. Жанжалды жоюға кететін уақыты мен ресурстарын барынша азайту. II деңгейде – шағымдарды уәкілетті орган қарайды. Бұзушылықтарды өз еркімен жоюдан бас тартқан жағдайда, жосықсыз сатушылар жауапкершілікке тартылады. III деңгей – шағымды соттың қарауы. Сотқа дейінгі реттеу институтын енгізуді ескере отырып, соттарға екі тараптың ымыралы шешімін таппаған даулар келіп түсетін болады.