Сапасыз азық-түлік сатып алған жағдайда қайда жүгінуге болады?
Егер сатып алынған өнім сапасыз болса, сіз келесі құқтарыңыз бар:
- Бағаны төмендетуді талап етуге.
- Тауарды қайтарып, ақшаны қайтарып алуға.
- Тауарды ұқсас өнімге ауыстыруға.
- Кемшіліктерді тегін жоюға.
- Кемшіліктерді түзетуге кеткен шығындарды өтеуді талап етуге.
(Негіз: «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы« ҚР Заңының 7 және 15-баптары)
Азық-түлік сапасына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жауапты. Ол санитарлық нормалардың сақталуын бақылап, сатушыларға әкімшілік шара қолдана алады.
Егер сіз сапасыз өнімге шағымданғыңыз келсе, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне жүгінуіңіз қажет. Бұл орган сатушыларға бұзушылықтар үшін айыппұл сала алады. (Негіз: ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы« Кодексінің 203, 425 және 701-баптары)