
Ерканов Мурзахан Адильханович
Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
1979 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қостанай ауыл шаруашылық институтын (бухгалтерлік есеп және аудит); Қостанай әлеуметтік академиясын (құқықтану); Қостанай инженерлік-педагогикалық университетін (агрономия) бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Қостанай облысы бойынша Салық комитетінің аға маманы болып бастаған. 2008 жылға дейін бөлімдерінде жетекші маман, бөлімінің бастығы, төрағасының орынбасары лауазымдарында жұмыс атқарған.
2008-2011 жылдары - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы.
2011-2013 жылдары - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы.
2013-2017 жылдары - Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары.
2017-2018 жылдары - Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы.
2020 жылы - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Атырау облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.
2020 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қостанай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.




