
Асантаев Жанат Асылханович
Жамбыл облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
1970 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын (астық сақтау және өңдеу технологиясы) және Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін (құқықтану) бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы бастаған. 2002 жылдан бері мемлекеттік қызметте, 2007 жылға дейін Астана қаласының соттар әкімшілігінде жұмыс істеді.
2007–2010 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары;
2010–2014 жылдары – Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы, бас инспекторы;
2014–2015 жылдары – Батыс Қазақстан облысының Еңбек инспекциясы бойынша басқармасының басшысы;
2015–2017 Батыс Қазақстан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
2017–2021 жылдары – Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданының әкімі.
Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесінде 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Тағайындалғанға дейін Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы және Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.




