
Танабергенов Булат Амангелдіұлы
ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы
Өмірбаян
1976 жылы Ресей Федерациясының Орынбор облысында дүниеге келген.
1997 жылы Ақтөбе обл. тұтынушылар одағының Есеп-сауда колледжін "Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау" мамандығы бойынша бітірген.
1999 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.
2012 жылы "Нұр" Қазақ-орыс халықаралық университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк ауданында математика пәнінің мұғалімі болып бастаған.
1999 жылдан 2000 жылға дейін Ақтөбе қаласындағы "Ақбұлақ" АҚ-ның операторы болып жұмыс істеді.
2001 – 2002 жылдары Ақтөбе қаласындағы "Стройдеталь" ЖШС-де такелажник болып жұмыс істеді.
2002 – 2009 жылдары Ақтөбе қаласы әкімдігінің құрылымында жетекші маманнан бастап қалалық білім, ішкі саясат, қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдерінде ММ бастығының орынбасарына дейін жұмыс істеді.
2009 – 2010 жылдары – ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті директорының орынбасары.
2010 – 2012 жылдары – Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының орынбасары, кейін бастығы.
2012 – 2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы.
2016 жылдан 2023 жылдың ақпан айына дейін - Астана қаласы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы.
2023 жылғы наурыздан бастап тағайындалғанға дейін ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс атқарды.



