
Мухаев Рауан Есеналиевич
Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін (құқықтану) бітірген.
2008-2010 жж. - Жамбыл облысы Әділет департаментінің Тараз қалалық Әділет басқармасының жетекші маманы;
2010-2014 жж. - Жамбыл облысы Әділет департаментінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім басшысы;
2014-2017 жж. - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы;
2017-2018 жж. - Үкіметтің ҚР Парламенттегі Өкілдігінің бас сарапшысы;
2018-2019 жж. - Үкіметтің ҚР Парламенттегі Өкілдігінің бас консультанты;
2019-2021 жж. - Алматы қаласы әкімі аппараты Бірыңғай персоналды дамыту қызметінің бас инспекторы;
2021 жылдан бастап - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Маңғыстау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.





