
Байқадамова Уәсиля Төлеуқызы
Сыртқы сауда қызметі департаменті директоры
Өмірбаян
Уәсиля Төлеуқызы Байқадамова 1972 жылы туған, Қазақ тұтыну кооперативтері институтын (бухгалтерлік есеп, бақылау және кәсіпкерлік қызметті талдау), Мәскеудегі Қазіргі заманғы гуманитарлық институтты (құқық), Қаржы академиясын (экономика магистрі) және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (экономика магистрі) бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қарағанды қаласы Совет ауданы бойынша салық инспекциясында салық инспекторы болып бастады.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ақмола облыстық қазынашылық департаментінің аға қазынашысы болды.
1999-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Фискалдық саясат және болжамдар департаментінің Салық және кеден саясаты басқармасының Салық заңнамасын дайындау бөлімінің бас экономисі болды.
2002-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Салық саясаты және болжамдар департаментінің бас маманы, сарапшысы;
2008-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда саясатын дамыту департаментінің Ішкі сауданы реттеу департаментінің бас сарапшысы, басшысы;
2010 жылы - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауданы дамыту департаментінің директорының орынбасары;
2010-2013 жылдары - «Nadloc» жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігінде және «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ жұмыс істеді;
2013-2019 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауданы дамыту департаментінің директорының орынбасары;
2019-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда департаментінің директоры;
2021-2024 жылдары - Еуразиялық экономикалық комиссияның Кедендік, тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті директорының орынбасары;
2024 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.




