
Тулеев Нурасыл Айдарханович
Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
1975 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ химия-технология институтын (өнеркәсіп экономикасы және менеджмент); Қарағанды экономикалық университетін (юриспруденция); Шымкент университетін (есеп және аудит бакалавры, экономика және бизнес магистрі) бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы «Күйік» совхозының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің есепшісі болып бастады.
1996-2000 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы және сектор меңгерушісі;
2000-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық басқармасының жетекші маманы, бас маманы;
2009-2011 жылдары – Еңбекші және Әл-Фараби аудандарының Салық әкімшілігі департаменттерінің басшысы;
2011-2015 жылдары – Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары;
2015-2021 жылдары - Шымкент қалалық Мемлекеттік кіріс департаментінің Еңбекші ауданы, кейін Абай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы;
2022 жылы Шымкент қалалық аудит комиссиясының Жоспарлау, талдау және есеп бөлімінің басшысы;
2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.





