Нуртазин Серікхан Бейсенғазыевич

    Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    Нуртазин Серікхан Бейсенғазыевич
    Басшы

    Нуртазин Серікхан Бейсенғазыевич

    Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы

    Өмірбаян

    1988 жылы Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келді. Үш жоғары білімі бар, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша және «Юриспруденция» мамандығы бойынша аяқтаған. Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын (Мәскеу қаласы) «Халықаралық экономикалық ынтымақтастық» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басқармасында «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша бастаған.

    2010-2011 жылдары - Өскемен қаласындағы қалалық әкімдіктің Жалпы бөлімінің маманы, сондай-ақ Өскемен қаласындағы «Физкультура-сауықтыру кешені» КГКП-да инструктор болып жұмыс істеген.

    2011 жылы мемлекеттік қызметке Семей қаласында орналасқан Ертіс бассейн инспекциясы су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу бөлімінде жетекші маман ретінде қабылданған.

    2011-2013 жылдары мемлекеттік қызметте әртүрлі лауазымдарды атқарған: Өскемен қаласының Қаржы бөлімінің коммуналдық мүлікті басқару секторының басты маманы, Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында Мемлекеттік сауда саясатын іске асыру бөлімінің басты маманы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің аналитикалық тобының басты маманы.

    2013 жылы - Шығыс Қазақстан облысының Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының Сыртқы байланыстар және хаттамалар бөлім басшысы.

    2014-2016 жылдары - академиялық демалыста (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы РАНХиГС магистратурасы, Мәскеу қаласы) оқыды.

    2016-2017 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасында басты маманы.

    2017-2020 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің инспекторы.

    2020-2022жылдары - Зайсан ауданы әкімінің орынбасары.

    2022-2023 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті Көпжақты ынтымақтастық басқармасының басшысы.

    2023 жылы - Шығыс Қазақстан облыстық «Қазақстан Халық партиясының» филиалы төрағасының орынбасары.

    2023-2024 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы.

    2024-2025 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратының Ұйымдастыру-территориялық жұмыс бөлімінің басшысы.

    2025 жылдың қаңтарынан бастап Абай облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері