Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі

    Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы
    Вице-министр

    Әбілдабеков Айдар Ахметбекұлы

    Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Вице-министрі

    Өмірбаян

    Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

    Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған.

    Еңбек жолын 1996 жылы сауда саласында кәсіпкерлік қызметтен бастады

    1998-2009 жылдары Қазақстан Республикасының кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден постының орынбасары, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

    2009-2010 жылдары - Статистика басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің департаменті орынбасары болды.

    2010 жылдың қарашасынан 2013 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің басшысы.

    2013-2018 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаментінің басшысы.

    2018-2021 жылдары - Қазақстан Республикасы ҰЭМ Статистика комитеті Түркістан облысы статистика департаментінің басшысы.

    2021-2022 жылдары - Алматы қаласының статистика департаментінің басшысы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Ұлттық статистика бюросы

    2022 жылдың қаңтарынан бастап - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының орынбасары, 2022 жылдың қарашасынан 2023 жылдың шілде айына дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы.

    2023 жылдың шілдесінен 2025 жылдың тамызына дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы.

    2025 жылғы тамыз айынан бастап Сауда және интеграция вице-министрі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері