Сағнайқызы Назгүл

    ҚР СИМ Заң қызметі департаменті директоры

    Сағнайқызы Назгүл
    Директор

    Сағнайқызы Назгүл

    ҚР СИМ Заң қызметі департаменті директоры

    Өмірбаян

    Сағнайқызы Назгүл 1980 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар: Қазақ мемлекеттік заң университетін, Алматы қ. (құқықтану бакалавры); Қазақ гуманитарлық заң университетін, Астана қ. (заң ғылымдарының магистрі); Қазақстан-Ресей университетін (экономика бакалавры), Астана қ. бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетінің Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы болып бастаған.

    2005 жылдан 2006 жылға дейін Астана қаласы Алматы аудандық салық комитетінің Ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.

    2006-2008 жылдары – ҚР Қаржы Министрлігінің №1 Өңіраралық салық комитеті Заң басқармасының бас маманы, кейін Талап қою жұмысы бөлімінің бастығы.

    2008 жылдан 2012 жылға дейін Астана қаласы бойынша салық департаментінің Алматы ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы, Заң бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарды.

    2012 жылы – ҚР Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Заң басқармасының бастығы.

    2012 – 2016 жылдары – ҚР Әділет министрлігі Заңнама департаментінің әртүрлі басқармалардың басшысы лауазымдарында жұмыс атқарды.

    2016 – 2022 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама бөлімінің бас консультанты.

    2022 – 2025 жылдары – ҚР Үкіметі Аппаратының Заң бөлімінің сектор меңгерушісі.

    2025 жылғы 10 шілдеден бастап ҚР СИМ Заң қызметі департаментінің директоры болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері