
Кистауов Болатбек Дүйсенбекович
Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы
Өмірбаян
1973 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Қапланбек зоотехникалық малдәрігерлік техникумын (зоотехния); Х.А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ- түрік университетін (халықаралық экономикалық қатынастары) бітірген.
Еңбек жолын 1990 жылы Ленин ауданы «Күйік» асыл тұқымды зауытында бастаған.
1995-1996 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Экономика басқармасының жетекші маманы.
1996-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі Қаржы басқармасының бас маманы, меңгерушісі, бөлім бастығы.
2002-2004 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық Қаржы бөлімінің меңгерушісі.
2004-2009 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық Қаржы бөлімінің меңгерушісі.
2009 -2012 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі орынбасары.
2012 -2016 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі.
2016 жылы - "Нұр Отан" партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016 -2019 жылдары - Шардара ауданы әкімі.
2021 жылдан бастап Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы.





