Мәслихат депутат
№8 сайлау округінің депутаты
1968 жылдың 01 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Жалаңаш қазақ орта мектебіне барып, 1985 жылы жалпы орта білімін алды. 1985-1987 жылдар аралығында «Қаскелең Педагогикалық Училищесінің» мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде оқып, «тәрбиеші» мамандығын алып шыққан. Бірнеше мәрте аудан және ауылдық округ әкімдерінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» марапатталған. Жалаңаш ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Н. Қызайбекованың ұйымдастыруымен сан алуан тақырыпта форумдар, байқаулар, дөңгелек столдар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ауылдық округтегі аз қамталған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жыл сайын қомақты көлемде қаржылай және азық-түлік, киіммен көмек көрсетіп отырады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төс бөлісімен, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Желтоқсанның 30 жылдығы», «Желтоқсанның 35 жылдығы» белгісімен, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президиумның шешіміне сәйкес «Қазақстан патриоты» белгісімен марапатталған.