Мәсімбаев Біләл Әукенұлы

    № 10 сайлау округінің депутаты

    Мәсімбаев Біләл Әукенұлы
    Депутат маслихата

    Мәсімбаев Біләл Әукенұлы

    № 10 сайлау округінің депутаты

    Өмірбаян

    Мәсімбаев Біләл Әукенұлы 1970 жылы 31 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Ақсай ауылында туылды. 1977жылдан 1987 жылдар аралығында Алматы облысы, Кеген ауданы, Бөлексаз орта мектебінде білім алған.

    Еңбек жолын 1987 жылдың шілде айынан бастап Кеген мал бордақылау бірлестігінде қарапайым жұмыскерден бастады.

    1988 жылдың қараша айынан Советтік Армия қатарында Түркістан Әскери Округінде, Ташкент қаласында әскери борышымды өтеп, 1990 жылы желтоқсан айында туған ауылыма қайтып оралды.

    1991 жылдың қаңтар айынан Кеген мал бордақылау бірлестігінің машинный дворында слесарь жұмыстарын атқарды. Сол жылдың тамыз айынан Семей қаласындағы Қаржы Үнемдеу Техникумына студент болып қабылданып, 1993 жылдың маусым айында «Қаржыгер» мамандығын алды.

    1993 жылдың шілде айында Кеген аудандық қаржы бөлімінде штаттар бойынша аға тексеруші, 1994 жылдың ақпан айынан «Бюджеттің кірісін жоспарлау және болжау жөніндегі бас экономисі лауазымдарында 1997 жылға дейін қызмет атқарды.

    Қызметімді атқара жүріп, өндірістен қол үзбей 1996-1998 жылдар аралығында Қазақтың Мемлекеттік Басқару Академиясын сырттай оқып, «Экономист» мамандығын алды.

    1997 жылдың қаңтар айынан Кеген ауданы бойынша бас қазынашы, сол жылы шілде айында Райымбек ауданы мен Кеген ауданының бөлінуіне байланысты Райымбек ауданы бойынша жетекші қазынашысы, 1998 жылдың қаңтар айынан сол мекемеде бас қазынашы және осы жылдың қыркүйек айынан Райымбек аудандық қазынашылық бөлімі бастығының орынбасары лауазымында қызметтер атқарды.

    2005 жылдың ақпан айынан Облыстық Қазынашылық Басқармасының бұйрығымен Ұйғыр аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы лауазымына тағайындалды.

    2007 жылдың желтоқсан айынан бастап отбасылық жағдайға байланысты Райымбек ауданы әкімінің өкімімен Кеген ауылының әкімі болып тағайындалды.

    2008 жылдың қазан айынан Райымбек аудандық «Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына тағайындалды.

    2011 жылдың маусым айында Райымбек ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

    2018 жылдың маусым айынан бастап Райымбек ауданы мен Кеген ауданының бөлінуіне байланысты «Кеген ауданы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалып, қазіргі уақытта осы жұмыстарды атқарудамын.

    Отбасылы. Үш баласы бар.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері