
АХМЕТОВ ЕЛНҰР МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ
Депутат избирательного округа № 11
Өмірбаян
1984 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келді. 2006 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін орман инженерлігі ісі мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ауылшаруашылық магистрі академиялық дәрежесін алған.
Еңбек жолын 2006 жылы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік инспекторы болып бастаған.
2006-2007 жылдары Ақсай орманшылығының орманшы көмекшісі, орман дамыту инженері, «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің орталық аппараттың экономисі, 2007-2009 жылдары Ақсай филиалы директорының орынбасары, 2009-2010 жылдары Талғар филиалының директоры, 2010-2013 жылдары «Көлсай көлдері» МҰТП мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары, 2013 жылғы «Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесі директорының табиғи кешендерді қорғау жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
2013-2023 жылдары «Шарын Мемлекеттік Ұлттық Табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры.
2023 жылдың сәуір айынан бастап «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директоры.





