
Омаров Оразалы Нұрахметұлы
№ 5 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Омаров Оразалы Нұрахметұлы 1964 жылы 25 наурызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылында дүниеге келген.
1970 жылы Қарқара орта мектебіне оқуға қабылданып, 1981 жылы орта мектепті бітірген.
1982-84 жылдары әскери борышымды өтедім. 1984 жылдан бастап 1994 жылға дейін ауылда құрылыс саласында құрылысшы, бригадир болып еңбек еткен. 1997 жылы «Мәди» шаруа қожалығын, 2007 жылы «Ермек-2» жеке шаруа қожалығын құрған. Шаруа қожалығында 3 адамды жұмыспен қамтамасыз етемін. Қазіргі таңда «Ермек-2», «Мәди» жеке шаруа қожалықтарын басқарады.
Ірі қара мал басын көбейтумен айналысып, егін, 4 гектар жерге картоп егіп, ауылшаруашылығының өркендеуіне өз үлесімді қосып келемін. Ірі қара мал басын бордақылаумен айналысады. Сиыр және бие сүтінің өнімдерін өндірумен айналысады.
550 гектар жерді мемлекеттен жалға алдым, оның ішінде 200 гектары шабындық жер. Шаруашылығымда 300 қой, 80 бас ірі қар, 120 бас жылқы бар. 50 гектар жерге астық егемін.
Ауданның ауылшаруашылығы саласының және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесім үшін 2009 жылы, 2013 жылы, 2015 жылы, 2016 жылы, 2018 жылы Райымбек ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен, 2015 жылы Алматы облысы әкімінің Құрмет грамотасымен «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.
Отбасылы, үш баласы бар.





