
Дарубаева Галия Әділжанқызы
№ 1 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Дарубаева Галия Әділжанқызы 1971 жылы 30 тамызда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген.
1978 жылы Кеген ауданы, Кеген орыс мектебіне бірінші сыныбына қабылданып, 1988жылы аталған мектепті бітіріп шыққан.
1988-1990 жылдары А.Нүсіпбеков атындағы орта мектепте ән-саз пәнінен мұғалімі болып жұмыс істеген.
1991 жылы Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, оны 1995 жылы ұлттық мектептегі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
1995 жылы 1 қыркүйектен бастап № 3 Кеген орта мектебіне орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі болып жұмысқа қабылданған.
2010-2013 жылы мектептегі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген.
2013 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Балауса» бөбекжай балалар бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының меңгеруші қызметін атқаруда.
Отбасылы, төрт баласы бар.





