
Қозыбағар Тұраш Асырандықызы
Аудандық қоғамдық кеңес хатшысы
Өмірбаян
Қозыбағар Тұраш Асырандықызы 1955 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келдім. 1962 жылы Кеген орта мектебінің бірінші сыныбына қабылданып, аталған мектепті 1972 жылы бітірдім. 1972 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтының экономика факультетіне оқуға түсіп, 1976 жылы бухгалтер-экономист мамандығы бойынша бітірген.
1976-1978 жылдары Кеген ауылындағы Қызылту қой совхозында бухгалтер, 1978-1991 жылдары Қазақстан Компартиясы Кеген аудандық комитетінде партиялық есеп секторында кадр жөніндегі статист, ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары - партиялық есеп секторының меңгерушісі қызметтерін атқардым.
1991-1997 жылдары Кеген аудандық жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасында бас маман, азаматтарды қабылдау бөлімінің меңгерушісі, 1997-1999 жылдары Райымбек аудандық жұмыспен қамту орталығы-еңбек биржасында бас маман, 1999- 2016 жылдары Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқардым.
1977-1980 Кеген аудандық комсомол комитетінің тексеру комиссиясының төрағасы, 1999-2018 жылдары Кеген, Райымбек аудандық сайлау комиссияларының хатшысы болып қоғамдық жұмыстар атқардым.
2019 жылдың қаңтар айынан бері Кеген аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары, 2022 жылдың желтоқсан айынан комиссия мүшесімін.
2021 жылдың тамыз айынан аудандық қоғамдық кеңестің хатшысы міндетін атқарудамын.
Еңбек еткен жылдарымда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының, аудандық маслихаттың алғыс хаттарымен, 2017 жылы «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» медалімен марапатталдым.
2018 жылы Кеген ауданының құрметті азаматы атағы берілді.
Отбасылымын. Отбасында жолдасым, төрт ұлым бар. Ұлдарым жеке-
жеке отбасылы. Олардан 15 немереміз бар.





