Талипов Ерғали Сатыбалдыұлы

    №3 сайлау округінің депутаты

    Талипов Ерғали Сатыбалдыұлы
    Депутат маслихата

    Талипов Ерғали Сатыбалдыұлы

    №3 сайлау округінің депутаты

    Өмірбаян

    1965 жылы 14 шілдеде Алматы облысы Кеген ауданы Тұйық поселкесінде дүниеге келген.

    Екі жоғары білімі бар. 1992 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «инженер-электрик» мамандығы бойынша және 2004 жылы Қырғыз Республикасындағы Ж. Баласағұн атындағы Қызғыз Ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірді.

    2023 қаңтар айынан «АМАНАТ» партиясының мүшесімін.

    2022 жылдың маусым айынан патриоттқ қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Кеген аудандық бөлімшесінің жетекшісімін.

    2005 жылы «Өртке қарсы қызмет органындағы мінсіз қызметі үшін» 3 дәрежелі, 2008 жылы «Өртке қарсы қызмет органындағы мінсіз қызметі үшін» 2 дәрежелі медальдарымен марапатталдым.

    Еңбек жолын 1982-1983 жылдары Текелі қорғасын мырыш комбинатына қарасты Тұйық кен орнында сылақшы-ағаш шебері болып бастаған.

    1983-1985 жылдары Қарулы күштер қатарында қызметте болған.

    1986 жылы Текелі қорғасын мырыш комбинатының Тұйық кен орнында бетонщик-ағаш шебері.

    1986-1992 жылдары Қазақ политехникалық институтының студенті.

    1992-1995 жылдары Текелі қорғасын мырыш комбинатына қарасты Тұйық кен орнында электро-слесарь.

    1995-1997 Алматы ІІД жанындағы МӨСБ МӨ бақылау 11-ӨСБ Кеген ауданының инспекторы.

    1997-1998 жылдары Алматы облысы Кеген ауданы МӨСБ 11-ӨСБ аға инженер.

    1998-2010 жылдары Алматы облысы ТЖД «Авариялық құтқару жұмыстары және өрт сөндіру» ММ Райымбек ауданы 11-ӨСБ бастығы.

    2010 жылы жас шектігіне жетуіне байланысты зейнетке шыққан. Запастағы азаматтық қорғаныс подполковнигі.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері