
Тлеулиев Алмас Бекенович
№ 4 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Тлеулиев Алмас Бекенович 21 қаңтар 1985 жылы қарапайым инженер механик пен мұғалімнің жанұясында дүниеге келген.
1991 жылы Шырғанақ орта мектебінің 1-ші сыныбына қабылданып, сол жылы қазан айында 2 (екінші) сыныпқа ауыстырылған. Мектепке оқу барысында, әр түрлі интеллектуалдық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған.
2002 жылы білім гранты бойынша С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің «Педиатрия» факультетіне қабылданып, 2008 жылы аталған университеттің негізгі білім деңгейін аяқтап, 2009 жылы жалпы тәжірибелі дәрігер мамандығын алған. Университетте оқу барысында Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық аурухананың реанимация бөлімінде мейіраға, 2008-2009 жылдары «Мед-Экспресс-К» медициналық орталығында кезекші дәрігер қызметтерін атқарған.
2009 жылы Райымбек аудандық орталық ауруханасына дәрігер болып жұмысқа қабылданып, сол жылы «Неврология» мамандығы бойынша қайта даярлықтан өткен.
2010 жылы емхана меңгерушісі, бас дәрігердің халыққа медициналық қызмет көрсетудің ұйымдастыру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарып, сол жылдың желтоқсан айында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауысты.
2014 жылы анестезиология-реаниматология мамандығы бойынша қайта даярлықтан өтіп, 2014 жылдың тамыз айынан 2019 жылдың тамыз айына дейін Райымбек ауданы, Нарынқол ауылының ауруханасына директор қызметін атқарды.
2019 жылдың тамыз айынан бастап осы күнге дейін ШЖҚ «Кеген аудандық ауруханасы» КМК-ға директордың қызметін атқарып келеді.
Отбасылы, 4 баласы бар.





