Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы

    №8 сайлау округінің депутаты

    Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы
    Депутат маслихата

    Қызайбекова Нұргүл Иманәліқызы

    №8 сайлау округінің депутаты

    Өмірбаян

    1968 жылдың 01 қаңтарда Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалаңаш ауылында дүниеге келген.

    1975 жылы Жалаңаш қазақ орта мектебіне барып, 1985 жылы жалпы орта білімін алды.

    1985-1987 жылдар аралығында «Қаскелең Педагогикалық Училищесінің» мектепке дейінгі тәрбие бөлімінде оқып, «тәрбиеші» мамандығын алып шыққан.

    Бірнеше мәрте аудан және ауылдық округ әкімдерінің «Құрмет грамоталары» мен «Алғыс хаттарымен» марапатталған.

    Жалаңаш ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Н. Қызайбекованың ұйымдастыруымен сан алуан тақырыпта форумдар, байқаулар, дөңгелек столдар өткізіліп тұрады. Сонымен қатар қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Ауылдық округтегі аз қамталған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жыл сайын қомақты көлемде қаржылай және азық-түлік, киіммен көмек көрсетіп отырады.

    Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төс бөлісімен, «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің «Желтоқсанның 30 жылдығы», «Желтоқсанның 35 жылдығы» белгісімен, «Қарулы күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесі Президиумның шешіміне сәйкес «Қазақстан патриоты» белгісімен марапатталған.

    Еңбек жолын 1987 жылы тамыз айында Қарақалпақ автономиялық Республикасының Қоңырат ауданы Раушан совхозында «Қарлығаш» балалар бақшасында тәрбиеші-методист мамандығымен бастаған.

    1998 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Жалаңаш ауылына байлынысты көшіп келді.

    2000 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

    2013 жылдан бастап Жалаңаш ауылдық округінің әкімі жанындағы аналар кеңесінің төрайымы болып жұмыс жасап келеді.

    Жалаңаш ауылындағы С. Бейсембетұлы атындағы орта мектептің «Қамқоршылық кеңесінің» төрайымы.

    «Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.



    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері