
Қырғызалықызы Жанна
Депутат Кегенского районного маслихата
Өмірбаян
Мен, Қырғызалықызы Жанна, 1979 жылы 8 қазанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келдім, 1986 жылы Кеген ауылындағы № 1 орта мектепке 1 ші сыныпқа қабылдандым, осы мектепте 1994 жылы 9 сыныпты аяқтап, Алматы қаласына Республикалық медицина колледжіне оқуға түсіп, 1997 жылы осы аталған колледжды аяқтап, 1997 жылдың қыркүйек айынан “Жүрек және ішкі аурулар Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтына жұмысқа қабылдандым.
2000 ж Алматы Технология және Бизнес университетіне қаржы факультетіне оқуға түсіп, 2006 жылы аяқтадым. 2007 жылы ЖШС “Дом кредитов” ұйымына менеджер болып жұмысқа кірдім, 2007 ж сәуір айынан ЖК “Қырғызалықызы Жанна” тіркелген, 2008 жылы ЖШС “Балсу-кредит” микронесие ұйымына менеджер болып ауыстым, қосымша ЖШС “Астра-ломбард” мекемесінде аға бағалаушы кассир болып жұмыс жасадым. 2012 жылдан ЖШС “Агат-Райымбек” құрылтайшысы және директорымын, 2014 жылы Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясына оқуға түсіп , 2016 жылы заңгер мамандығын алып шықтым, 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Райымбек аудандық филиалының директоры қызметін атқарып, 2018 жылдың 10 қазанынан Алматы облысының кәсіпкерлер палатасының Кеген аудандық филиалының директоры қызметіне ауыстым, қазіргі таңда осы мекемеде жұмысым жалғасуда.
Отбасылы, екі баласы бар.





