
Дүмбіров Азамат Өлкенбайұлы
Депутат Кегенского районного маслихата
Өмірбаян
Дүмбіров Азамат Өлкенбайұлы 1993 жылы 10 қарашада Алматы облысы, Кеген ауылында дүниеге келген. 1999 жылы С.Серкебаев атындағы орта мектепке 1 сыныпқа қадам басып, 7 сыныпқа дейін білім алып, 8 сыныптан бастап Талдықорған қаласындағы спортқа дарынды мектеп интернатында 4 жыл білім алған. 2011 жылы Қазақ Спорт және туризм академиясына оқуға түсіп, аталған академияны 2015 жылы аяқтады.
2018-2019 жылы Қазақ Спорт және туризм академиясының магистрі атағын алған. 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін Кеген ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры міндетін уақытша атқарушы қызметін атқаруда.
2010 жылы грек-рим күресінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2011 жылы жастар арасында ҚР қола жүлдегері, 2012 жылы ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 жылы ҚР грек-рим күресінен жастар арасындағы чемпионатының алтын медаль иегері атанған. 2014 жылы 23 жасқа дейінгі ҚР чемпионатының алтын медаль иегері, 2015 жылы грек-рим күресінен ҚР спартакиасының жеңімпазы, 2015-2017 жылы ҚР ұлттық құрамасының мүшесі, 2017-2018 жылы грек-рим күресінен Конфедарация кубогінің 2 дүркін чемпионы болған.
Отбасылы, екі баласы бар.





