
Оқас Нұрмаман Төкенұлы
Депутат Кегенского районного маслихата
Өмірбаян
Оқас Нұрмаман Төкенұлы 1969 жылы 16 ақпанда Алматы облысы, Кеген ауданы, Қарқара ауылында өмірге келдім. 1976 жылы Тасашы орта мектебінің 1- сыныбына қабылданып, 1986 жылы Тасашы орта мектебін бітірдім.
Еңбек жолын 1986 жылы Тасашы ауылында «Ізгі ниет» камсомол жастар бригадасында шопан болып бастадым. Осы жылы Тасашы ауылдық клубында домбыра үйірмесінің жетекшісі болып жұмысымды жалғастырдым.
1987-1990 жылдар аралығында Қаскелең мәдени-ағарту училищесінде оқып, клуб қызметкері, халық асапаптар оркестрінің жетекшісі мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
1991-2002 жылдар аралығында Тасашы орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, интернат тәрбиешісі болып жұмыс жасадым.
1993-1998 жылдар аралығында Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
2002-2011 жылдар аралығында Райымбек ауданының Жылысай ауылындағы М.Орманов атындағы мектептің директоры, 2011-2016 жылдар аралығында Райымбек ауданы әкімдігінің «Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып жұмыс жасадым.
2017-2018 жылдар аралығында Райымбек ауданындағы Ы.Көшкінов атындағы орта мектептің директоры,2018 жылдың қараша айынан бастап Кеген ауданы әкімдігінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры қызметін атқарып келемін.
2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, 2019 жылы «Қазақстан Мәслихаттарына 25 жыл» медалімен,2020 жылы Қазақстандық салалық мәдениет, спорт,туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталдым.
Отбасылы, 6 баласы бар.





