
Тұрсынов Сырым Шыңғысұлы
№ 2 сайлау округінің депутаты
Өмірбаян
Тұрсынов Сырым Шыңғысұлы 26 қазан 1983 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы, Кеген ауылында дүниеге келген.
1990 жылы Серкебаев атындағы орта мектептің бірінші сыныбына қабылданып, 2000 жылы аяқтаған. «Қарағайлы сай» шаруа қожалығында еңбек еткен.
2002 жылы Алматы қаласы Агроуниверситетінің аграрлық колледжіне оқуға түсіп, 2005 жылы коледжді «Эколог-Техник» мамандығын бойынша бітірген. Академик Зұлқарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін 2019 жылы бітіріп, «Қаржы» мамандығы бойынша Экономика және бизнес бакалавры дәрежесін алған.
Отбасылы, 4 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отыр.
2005-2008 жылдар аралығында ИП «Рысқұлов» кірпіш цехында мастер болып істеген. 2008-2010 жылдары АҚ «Бірлік» компаниясына қабылданып, 2010 – 2015 жылдары Кеген аудандық «Хантәңірі» газетінде оператор-жүргізуші болған.
2015-2019 жылдар аралығында Алматы облыстық «Райымбек» газетінде директор - бас редактор қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке кәсіпкер.





