
Әкім
Абай облысының әкімі
1977 жылы Семей облысында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» (магистратура), сондай-ақ Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану», Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» (PhD докторы) мамандықтары бойынша бітірген.

Әкімінің орынбасары
Әкімнің бірінші орынбасары
Туған кезі: 1973 жылы 23 наурыз Туған жері: Түркістан облысы Созақ ауданы Тасты ауылы Білімі: жоғары Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы: 1994 жылы Қазақтың Мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша аяқтаған
Абай облысы аймағында экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, коммуналдық меншік пен тұрғын үй қорын басқару, кәсіпкерлік, туризм, инвестициялар, индустриялық - инновациялық даму, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері

Әкімінің орынбасары
Абай облысы әкімінің орынбасары
Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 2011 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Құқықтану» мамандығы, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Абай облысы аймағында құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру және көгалдандыру, өнеркәсіп, көлік, автомобиль жолдары, телекоммуникация, қала құрылысы, сәулет, сәулет-құрылыс бақылау мәселелері

Әкімінің орынбасары
Абай облысы әкімінің орынбасары
Думан Рыспекұлы Оспанов, 1979 жылы 21 қарашада Абай облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген.
Ауыл шаруашылығы, ветеринария, табиғи ресурстар, жер қатынастары

Әкімінің орынбасары
Абай облысы әкімінің орынбасары
Мейірлан Ақылбекұлы Раханов 1988 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.
Абай облысы аймағында ішкі саясат, мәдениет, ақпарат, мұрағат ісі, білім, ғылым, спорт, жастар саясаты, дін, тілдерді дамыту мәселелері

Аппарат басшысы
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы
Бақпаев Эльдар Құсманұлы 1986 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген. 2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығын, 2021 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің магистратурасын тәмамдаған, «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілген.
Цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіп мәселелері, әкім аппаратының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, сондай-ақ жұмысты жүзеге асыратын әкімдіктің құрылымдық бөлімшелері цифрландыру, жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, құқықтық тәртіп бағыттары бойынша (оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі, құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі) жұмысты жүзеге асырады

Аппарат басшысының орынбасары
Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Самат Айбек Төлегенұлы, 1987 жылы 16 қарашада Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында дүниеге келген. 2008 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Инспекторлық-бақылау жұмыс бөлімінің, ұйымдастыру және сыртқы байланыстар бөлімінің, қоғамдық-саяси және әлеуметтік саланы мониторингілеу бөлімінің, құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметін үйлестіреді және қадағалайды.

Аппарат басшысының орынбасары
Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Гүлнұр Нұрбекқызы Асылбекова, 1979 жылы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қаржы және несие» мамандығын, 2003 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің, жиынтық талдау және хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау бөлімінің, экономикалық және инвестициялық саланы мониторингілеу бөлімінің қызметін үйлестіреді және қадағалайды.

Аппарат басшысының орынбасары
Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
1985 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша, кейін Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияның Шеффилд университетінде «Мемлекеттік басқару және саясат» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2020-2023 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды.
Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің, өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің, агроөнеркәсіп кешені және жер қатынастары саласын мониторингілеу бөлімінің қызметін үйлестіреді және қадағалайды.

Аппарат басшысының орынбасары
Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Ербол Алшынбай, 1986 жылы 12 маусымда дүниеге келген. 2013 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын, 2024 жылы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
Антитеррористік комиссияның жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі бөлімнің, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің, инфрақұрылым және құрылыс саласын мониторингілеу бөлімінің қызметін үйлестіреді және қадағалайды.

Хатшы
Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы
Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.