
Таушов Нариман Бақытұлы
Тексеру комиссиясының төрағасы
Өмірбаян
Нариман Бахытұлы Таушов 1967 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген, ұлты қазақ. Екі жоғары білімі бар, 1993 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы» мамандығын үздік және 2006 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Казақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Мансап
Мемлекеттік қызметті 1993 жылы Орал қаласы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының салық инспекторы лауазымында бастады.
1994 жылдан 2001 жылға дейін Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінде бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, комитет төрағасының орынбасары қызметтерінде жұмыс істеді.
2001 жылдан 2002 жылға дейін - Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетін басқарды. 2002-2005 жылдары - Батыс Қазақстан облысы бойынша салық комитетінің төрағасы болды.
2005 жылдан 2007 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді.
2007 жылдан 2010 жылға дейін - Атырау облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
2010 жылдан 2013 жылға дейін - Орал қаласы бойынша Салық департаментін басқарды.
2013-2015 жылдары – «Аққамыс» АҚ төрағасының кеңесшісі болды.
2015-2020 жылдары – Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Атырау мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы болып жұмыс істеді.
Атырау облыстық мәслихатының шешімімен 2020 жылы – Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы етіп тағайындалды.
2021 жылғы наурыздан – 2022 жылғы шілде аралығында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Абай облыстық мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 8/42-VII шешімімен Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.
Нариман Бақытұлы - Ауған соғысының ардагері. Ол «Ауған халқынан алғыспен» (1987ж.), «Үздік жауынгерлік қызметі үшін» (1988ж.), «КСРО қарулы күштеріне 70 жыл» (1988ж.), «Ауғанстандағы соғыс ардагеріне» (1998ж.), «Ауғанстаннан Кеңес әскерлерін шығарудың 15 жылдығы» (2003ж.) медальдарымен марапатталған. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) мерейтой медальдарымен марапатталған. "Құрмет" (2024 ж.) орденінің иегері.
КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының (1988), ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігінің (2001) құрмет грамоталарына және «Қазақстан Республикасы салық қызметінің үздігі» (2008) құрметті атағына ие. Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстары әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталған.
2020 жылы Мемлекеттік аудитор біліктілігін алуға үміткерлерді сертификаттау жөніндегі Ұлттық комиссияның шешімен «мемлекеттік аудитор» біліктілігіне ие болды.