
Ибраимов Рауан Серікұлы
Экономикалық және инвестициялық саланы мониторингілеу бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ибраимов Рауан Серікович 1991 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Аягөз қаласында дүниеге келген.
2012 және 2014 жылдары Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын прокуратура органдарында 2016 жылы Көкпекті аудандық прокуратурасының прокуроры болып бастады.
2016-2019 жылдары Семей қаласы прокуратурасының түрлі бөлімдерінде прокурор болып қызмет атқарды. Атап айтқанда, әкімшілік және азаматтық істер бойынша сот актілері мен атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалау, қоғамдық мүдделерді қорғау, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушылар бөлімдерінде жұмыс істеді.
2019-2022 жылдары Семей қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің прокуроры қызметін атқарды.
2021-2023 жылдары Семей қаласы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау бөлімінде аға прокурор, кейін бөлім басшысы,
сондай-ақ Абай облысы прокуратурасының үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының аға прокуроры қызметтерін атқарды.
2025 жылдан бастап Абай облысы әкімі аппаратында жұмыс істеп, облыс әкімдігі хатшылығының бас маманы және экономикалық және инвестициялық саланы мониторингілеу бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды.
2026 жылғы 18 ақпаннан бастап Абай облысы әкімі аппаратының экономикалық және инвестициялық саланы мониторингілеу бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.



