
Рымқанов Арман Серікқанұлы
Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Арман Серікқанұлы Рымқанов 1989 жылы 9 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Бородулиха ауылында дүниеге келген.
2009 жылы М. Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжін «Ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2009 жылы Бородулиха ауданы Зенковка ауылындағы «Краснополь орта мектебі» ММ 5-11 сыныптарында ағылшын тілі мұғалімі болып бастаған.
08.08.2013 ж. - 09.08.2013 ж. – «Бородулиха ауданының Жастар орталығы» КММ әдіскері, Бородулиха ауылы Бородулиха ауданы.
09.08.2013 ж. - 06.01.2014 ж. – «Бородулиха ауданының Жастар орталығы» КММ директорының міндетін атқарушы, Бородулиха ауылы Бородулиха ауданы.
06.01.2014 ж. - 03.11.2016 ж. – «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ референті.
07.11.2016 ж. - 11.01.2017 ж. – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ діни бірлестіктердің өзара іс-қимыл секторы бас маманының міндетін атқарушы.
11.01.2017 ж. - 04.07.2018 ж. – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ діни бірлестіктердің өзара іс-қимыл секторының бас маманы.
05.07.2018 ж. - 24.08.2020 ж. – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл секторының меңгерушісі.
02.09.2020 ж. - 20.02.2022 ж. – «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы.
21.02.2022 ж. - 31.10.2022 ж. – «Шығыс Қазақстан облысының дін істері басқармасы» ММ діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы.
01.11.2022 ж. - 08.03.2023 ж. – «Шығыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ дін мәселелері және діни бірлестіктермен байланыс бөлімінің басшысы.
10.03.2023 ж. - 31.03.2024 ж. - Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы.
2024 жылғы сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Абай облысы әкімі аппаратының терроризмге қарсы комиссияның жұмысын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарады.



