
Асылбекова Гүлнұр Нұрбекқызы
Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары
Өмірбаян
Гүлнұр Нұрбекқызы Асылбекова, 1979 жылы 30 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген.
2000 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қаржы және несие» мамандығын, 2003 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы департаментінің бюджет процедурасын бақылау бөлімінің жетекші маманы, жетекші бақылаушы тексеруші қызметінен бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы, Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып еңбек етті.
Тағайындалғанға дейін Шымкент қаласы, Абай ауданы әкімінің орынбасары болған.
2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Абай облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалды.





