
Бақпаев Эльдар Құсманұлы
Абай облысы әкімі аппаратының басшысы
Өмірбаян
Бақпаев Эльдар Құсманұлы 1986 жылы 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында дүниеге келген.
2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің «Журналистика» мамандығын, 2021 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық - заң университетінің магистратурасын тәмамдаған, «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын Павлодар қаласындағы «Арна» ЖАА ЖШС, «Ирбис ТВ» ЖШС телекомпаниясының корреспонденті лауазымынан бастады.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз қызметінің - Баспасөз хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің сарапшысы, кеңесшісі, «Хабар» Агенттігі» АҚ, «Хабар 24» АҚ каналының атқарушы директоры және директоры қызметтерін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.
Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары болған.
2025 жылдың 30 сәуірінен бастап Абай облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.





