Искакова Айжан Амангелдіқызы

    Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы

    Искакова Айжан Амангелдіқызы
    Руководитель отдела

    Искакова Айжан Амангелдіқызы

    Мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Искакова Айжан Амангельдиевна 1982 жылы 1 шілдеде Семипалатинск облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген.

    2003 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2003 жылы Астана қаласындағы Республикалық
    «Жас ұлан» мектебінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің машинистка лауазымында бастаған.

    2004 жылдан 2009 жылға дейін Астана қаласындағы Республикалық «Жас ұлан» мектебінің кадрлар бөлімі бастығының көмекшісі болып жұмыс істеген.

    2010 жылдан 2011 жылға дейін Семей қаласындағы «Бүйрек орталығы» мекемесінде кадрлар жөніндегі инспектор қызметін атқарған.

    2013 жылдан 2014 жылға дейін Астана қаласындағы «Continental» ЖШС-нің ақпараттық сервис бөлімінде консультант болып жұмыс істеген.

    2015 жылдан 2018 жылғы 28 қаңтарға дейін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

    2018 жылғы 29 қаңтардан 2021 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2021 жылдан 2022 жылға дейін Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс, мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

    2022 жылдан 2024 жылға дейін Абай облысы әкімінің аппаратының цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2024 жылғы 16 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Абай облысы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері